Тәуелсіз елім - Қазақстан - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіз елім - Қазақстан
24.09.2015, 10:27
Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстан»

Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.

Қайырлы кеш, құрметті ата - аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» кешіне қош келіпсіздер!
«Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты сыныптан тыс әдеби - қойылымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Мектеп оркестрі
Көрдік қой зорлық оспадар жандар көрінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан ғып,
Қиындықтардың қайыспай өткен бәрінен.

Монтаж 7б класс оқушылары
Қарасаң қайда, алыс та жақын қырларға,
Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.
Қаншама ұлттың құт мекені сияқты,
Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?
Ән «Менің Қазақстаным»

Сүйрік саусақ сағадан,
Мың бұралған өрмелеп.
Асып - тасып сабадан,
Биші кетер дөңгелеп.
Би «Қазақ биі»

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.
Сахналық қойылым «Қайсар ару – Ләззат қыз»
«Желтоқсан желі» әнінің әуені ойнап тұрады. Көшеде ерсілі - қарсылы өтіп жатқан адамдар. Тәртіп сақшылары
Қар үстінде қызыл қан, қара бұрыш,
Халық та көп көшеде қарақұрым.
Жас ару қыз келеді ілби басып,
Жатақхана тым алыс баратұғын.
Кешкі шамы қаланың сығырайған,
Мезгіл еді айнала тымырайған.
Кеше ғана бұрымын кескен мұның,
Құтылғаны әлі есте сұмырайдан.
Ажал ма, әлде елес пе тақымдаған,
Тырс еткендей болды үн жақын маңнан.
Қыз жүрегі зу етіп, именсе де,
Баса берді ілгері батыл қадам.
(Екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрап, тексере бастайды.)
Күзетшілер жол тосқан құтқармады,
«Тексереміз,»- деп қызды мықты арбады.
«Бунт жасаған қазақтың қызы ғой бұл»-
Деген сөзге арланды ол бұлтарғанды.
Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды,
Өңменінен итерді жабысқанды.
Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек,
Өздерінше жөн көрді танысқанды.
(Екі солдат ұрып, жұлқып Ләззатты алып кетеді. Ләззат барынша қарсыласады.)
Жалған емес, бұл шындық, дастан - әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
(Сахнада – Ләззаттың бейіті, суреті, туған және қайтқан уақыты жазылған)
Анасы бейітке гүл қойып, жоқтау айтады:
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді - ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді - ау
Жарылқаған Құдайым!!!
Құлыным менің қор болды - ау,
Заманың сенің зар болды - ау.
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды - ау.
Желтоқсанның анаға,
Ызғары көп құлыным.
Намыстан өлген қазақтың
Қыздары көп құлыным.
Сен де соның бірісің,
Өлген жоқсың, тірісің.
Тірі жүрген қыздардың,
Сыйынар жалғыз пірісің.
Зарлағанда не табам,
Сабыр берсін жасаған.
Кімге ғана ұстатар,
Қысқа ғұмыр қашаған?
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған, боташым.
Алтын сақа асықтай,
Алшы тұрған, боташым.
Дәл өзіңдей қыз тапқан,
Менде арман бар ма екен?
Қайтейін, құдай, қайтейін?!
(Гүлін қойып кетеді. Жарық сөнеді. Жарық бейітке түсіріледі, бейіттің ар жағында аруақ бейнесіндегі Ләззат шығады. Ләззаттың басы мен иығы көрінеді)
Ләззаттың сөз сахна сыртынан оқылады.
Ләззат:
Он алтыда қиылдым мен,
Табанында танкінің.
Ләззат атты құрбанымын,
Қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізді жағала.
Ләззат дейтін мен болам,
Аспандағы шағала. (шағала ұшыру)
Туған халқым - қазағым,
Сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік,
Желтоқсанның азабын.
(Жарық жанады. Бейіт басына оқушылар келіп, гүл қойып, сап түзеп тұрады.)
1 - оқушы:
Ұяңнан ұшып шығып, оралмадың,
Ауылың Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.
2 - оқушы:
Небәрі 16-дан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт - дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.
3 - оқушы:
Қайырылмай кеткен қарлығаш,
Желбіреген қолаң шаш.
17-ге жете алмай,
Қиылып кеткен қыршын жас.
4 - оқушы:
Ел үшін ерлігімен елене,
Абырой мен атағына бөлене.
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
(Барлығы кетеді)

Жүргізуші:
Мұзда жанған мұз балақ. Алау болып жүрегіміздің түкпірінен орын алған. Қазақтың ұлтарақтай жері үшін қасық қаны қалғанша айқасып, өліспей - беріспейтін боздақтарымыз, аға - апаларымызды қалай ұмытармыз. Барлығымыз да бір сәт азаматтық аңсаған, теңдікті талап еткен қыршын жастарымызды еске алайық.

Жүргізуші:
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: елім, Тәуелсіз, Қазақстан
Просмотров: 173 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar