Тәуелсіздігім - мақтанышым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздігім - мақтанышым
24.09.2015, 10:23
Мақсаты: 1. Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, ел тәуелсіздігінің сақталуына үлес қосу. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру, олардың Отан үшін құрбан болғандарын айтып өту.
2. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, сөйлеу шеберлігін дамытуға, өз ойын еркін жеткізе білуге жаттықтыру.
3. Оқушыларды Отанын, елін, жерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, суретпен жұмыс.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін ортаға аудару.
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп есіміңді жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – қазақ елім!

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздігім - мақтанышым» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1 - оқушы О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен.
Сағынышты қанат қып саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сен де тас та, қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар - ау
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған - ау

2 - оқушы Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың,
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн!

3 - оқушы Тура жолдан тартынбай маңдай қадап,
Қазақстан ілгері самғай барады.
Әнге айналып барады өміріміз,
Тәуелсіздік тынысы қандай ғажап.

Мұғалім: Балалар, біздің еліміз тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Тәуелсіздік ата - бабаларымыздың талай жылдардан бері аңсап келе жатқан армандарымен, ата - әжелеріміздің көз жасымен, аға - апаларымыздың қанымен келген. Өз тілін, мәдениетін, елінің болашағын дамытамын деген қазақ халқы тәуелсіздіктің туын алғаш көтеріп, 1986 жылы 16 желтоқсан күні алаңға бейбіт шеруге шыққан еді. Оның себебі 26 жыл бойы республиканы үздіксіз басқарып келе жатқан Д. А. Қонаев орнынан түсіріліп, оның орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз ұсынылған еді. Шешімге қарсы болған студент және жұмысшы жастар ұрандатып алаңға шығады. Бұл қарсылыққа шыдамаған үкімет басшылары жастарға қақаған аязды боранда мұздай су шашып, иттермен қуып, қыздардың шашына сүйреп, ер - азаматтарымыздың басынан күрекпен ұрып күш көрсетеді. Сол атышулы 1986 жылғы желтоқсан құрбандары деп кімді айтуға болады?

Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев.
(слайдтар арқылы таныстыру)
Балалар, осы Желтоқсан оқиғасынан кейін біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
4 - оқушы Тәуелсіздік –
Тәубелі елдің қыраны,
Қиялы елдің қыраны,
Жат рухқа жалтақтатпас пендесін
Жанарлардың шырағы
Тәуелсіздік –
Пейіл сыйы қазақтың
Арамыздан арылғаны азаптың
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн.
Тәуелсіздік –
Көрдік сені, тіріміз
Көре алмады көсеміміз, іріміз.
Ұлтшылы аз, ұлтсыздықпен күресте
Қазақ болған әзірге құр түріміз
Тәуелсіздік –
Сен келгелі қазақпыз
Қазақтығын қазақша айта алатын
Ұлттың жоғын жоқтаймын деп «жоқ» болған
Ұлыларын «тұтқыннан» қайтаратын
Тәуелсіздік –
Айналайын құныңнан
Түсе көрме тұғырдан
Отаныма мәңгілігің үшінде
Садағаң болсын шыбын жан
Жүргізуші: 1991 жылы желтоқсанның 1 - де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.

5 - оқушы шықты тарап ой - данадан
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қарап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Бір көрген жан сағынып,
Ақорда, алтын тағы бар,
Нұрсұлтандай ұлы бар,
Қазағымның бағы бар!

Жүргізуші: Әр елдің өз азаматтарына арналған Ата Заңы – Конституциясы болады. Біздің де Ата Заңымыз бар. 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – Конституция қабылданды. 1991 жылы 4 маусымда Елбасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.

6 - оқушы Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала - дағы ең кіші,
Рәміздерім - Әнұран, ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жан кісі
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бар ерлігім
Мұнда да бар жер үнің
Әнұраным – жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мың қайталап айтам мұны
Хор: «Қазақтың елі»

Жүргізуші: 1991 жылы қазан айында тұңғыш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Бүгінде қазақ тіліміз – мемлекеттік тіл болып, өсіп - өркендеп, қанат жаюда
Бүгінде тәуелсіздіктің рахатын көріп отырғандар біздер, қай салада болмасын озық келеміз. Біздің елімізді бүгінде қаншама мемлекет таниды. Осы тұрғыда еліміздің танытуда спорт шеберлерінің еңбегі өлшеусіз. Алпауыт елдерге спорт түрлерімен шығып, кеуделерінде алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағып, көк байрағымызды өзге мемлекетте биікке көтеріп, әнұранымызды асқақтатып келді. Қандай спорт жұлдыздарын танисыңдар?
(спорт жұлдыздарын слайдтар арқылы көрсету)
Сондай спорт майталманы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, жерлесіміз – Илья Илин.

7 - оқушы Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышым Астанам
Хор: «Егеменді Қазақстан»
Көркемсөз.

Жүргізуші: Бүгінде тәуелсіздіктің туын тігіп, еңсемізді тік көтеріп жатқан тұста Елбасымыздың еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Н. Ә. Назарбаевтың тағы бір ерлікке пара - пар еңбегінің жемісі, сарабдал саясатының бірі – астанасы Ақмола қаласында көшіруі еді. Астанамыз – Ақмола қаласына 1997 жылы көшіріліп, 1998 жылдан бастап Астана атауымен қайта жаңғырып келеді.

8 - оқушы Саған қарап көз тігер байтақ елім
Сен арқылы тілеуім қайта менің,
Өркендей бер, халқымның бақытына,
Мақтанышым – Астанам – Бәйтерегім.
Япыр-ай, Бәйтерегің биік неткен,
Самал жел маңдайымнан сүйіп өткен,
Тіл жетпес сұлулығы өз алдына
Ортасын Есіл өзен тіліп өткен

Жүргізуші: Арманға айналған Астана шаһарына, оның әсем ғимараттарына көз жіберсек.
(Астана туралы слайдтар көрсетіледі.)
Жүргізуші: Оқушылар, ата - бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген шақта, балалық шақтарың бақытты болатынына мен кәміл сенімдімін. Мақтанышқа айналған тәуелсіздіктің қадірін біліп өсіп, ел дамуына үлес қосқандарыңды қалаймын. Себебі осы елдің тілегі де, тірегі де сендерсіңдер!

9 - оқушы Кең байтақ, туған өлкем – Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші, Қазақстан!

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Қатысқан оқушылар бірге:
Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы халқымыздың еркіндігін паш етіп желбірей берсін!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тәуелсіздігім, мақтанышым
Просмотров: 223 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar