Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым
24.09.2015, 11:45
«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»
Тәрбие сағаты
/Бастауыш білім беру бөлімі 3 - 4 курстар/

Мақсаты:
1. Тәуелсіздік туралы болашақ мамандардың білімін толықтыру;
2. Студенттерді жеке шығармашылық ізденіске үйрету;
3. Болашақ мамандарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Барысы:
І. Тарих қойнауынан сыр шертейік
/Бейнебаян арқылы тарихқа шолу/ Батыр Нұрайым
ІІ. Тәуелсіздік - тұғырым
/Концерттік бағдарлама/
Жүргізушілер: Шалабаева Мерей, Каримова Альфия
Көрнекілігі: шарлар, маталар, шамдар, жалаушалар, гүлдер, слайдтар, плакаттар.
І. Тарих қойнауынан сыр шертейік
1. 1 «Тәуелсіздік» туралы өлеңдер
Оқитын: ------------------------------
1. 2 Автор: Батыр Нұрайым
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе
алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата - бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
/Слайдта: кең сары дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны көрсетіледі/

Тарихқа бір сәт шегінсек...
ХҮ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан - жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра көшіп «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратаудың баурайында бас қосты.
/Слайдта: қазақ хандығы, «Ақтабан шұбырынды» бейнекөрінісі көрсетіледі/
Хормен: «Елім - ай»

ХҮІІІ - ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.

ХХ ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншасы өз жерінде қырғын көрді.
/Слайдта: суреттер/
1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата - жұртын тастап кетуге мәжбүр болды.

1930 - 1933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн халықтың 3 млн опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім.
/Слайдта: суреттер/
Зиялы қауымды қынадай қырған 1937 - 1938 жылдар аралығындағы Сталин репрессияға ұшыратып, елдің болашағын ойлаған азаматтарды халық жауы деп қырды.
/Слайдта: суреттер/
1 студент: Мағжан Жұмабаев «Сағындым»
Оқитын: ---------------------------

1941 - 1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.
/Слайдта: суреттер/
1 студент: Сырбай Мауленов «Соғыс»
Оқитын: Бектілеуова Назерке

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез - келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып - соғып, өлімші халге жеткізді.
Осы жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Генадий Колбин сайланды. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұғым, қасиет, Тәуелсіздік, Ұлы, тұнған
Просмотров: 287 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar