Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
24.09.2015, 15:10
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздікке ұмтылып, бостандыққа қол созған халқының ақ ниет, адал көңілін мәлімдеу жөнінде қаза тапқан қыршын жас желтоқсан құрбандарын еске алуда оқушылардың білімдерін кеңейтіп жетілдіру, Желтоқсан қаһарманды келешек ұрпақ есімінде мәңгі сақталатын естен шығармау, әрі қастерлей білу дағдыларын дамыту. Елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Желтоқсан құрбандары ілінген қара тақта, өсиет сөздер, гүл, шарлар т. б. яғни сабақтың өту орнын тақырыпқа сай безендіру.
Оқушылар хормен «Отаным» әнін орындау.

1 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік - шұғылалы арманым,
Батыл бастап бақытыма барғанмын.
Тәуелсіздік – көк тіреген тауларым,
Ойға шолып тұратығын орманым.

1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – ту көтерген жеңісім,
Өмір бойы өзім жейтін жемісім.
Ата - бабам тірлігінде аңсаған,
Құт - береке, бейбіт өмір - келісім.

2 - жүргізуші:
1991 жыл 16 желтоқсан. Біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп ардақ ететін күн. Бұл күн біздің - Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн. Бұл күннің еліміздің тарихындағы алатын орны ерекше. Бұл біздің ең үлкен қасиетті ұлттық мерекеміз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дүниеге келген күн еді.
Ал, кәзір «Тәуелсіздігін жеңіп алған қазақ халқы, тәуелсіздік тарихы туралы толғанып көрейік»

1 - жүргізуші:
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды
3 «Б» сынып оқушыларына кезек береміз

2 - жүргізуші:
Әр қазақтың есінде сақталады.
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

1 - жүргізуші:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Ән: «Атамекен» орындайтындар 3 «А» сынып оқушылары
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздікті жырлайық
Ортаға 3 «А» сынып оқушыларын шақырайық.
1 - жүргізуші:
Мерекелік ән шашу
4 сынып оқушысы ----------------------------- орындауында Батыстың термесі
2 - жүргізуші:
Ән: «Туған жер» орындайтын 2 сынып оқушысы
1 - жүргізуші: Мәдина
Би «Серпер» орындайтын 2 сыныбының бишілері

1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату - тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
2 - жүргізуші:
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні дей отырып ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз Ән: «Сарбаздар»
1 - жүргізуші:
Осымен «Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған» атты ертеңгілігіміз аяқталды
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бабам, аңсаған, Тәуелсіздік, ата
Просмотров: 377 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar