Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
24.09.2015, 09:30
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихын түсіндіру, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігін дәріптеу, оқушыларды елін, туған жерін, халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Желтоқсан желі», «Желтоқсан туралы слайд», суреттер.

Барысы.
«Әнұран» орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бір дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 - желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Желтоқсанның ызғарындағы боздақтардың рухын еске алып бір сәт үнсіздік жариялаймыз.......
2 - жүргізуші: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың белгісі.
1 - жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғаға 26 жыл толыпты. Ол ендігі жерде қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.

2 - жүргізуші: Тарих - бұрмалап бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал сауабы өте ауыр ақиқат.

1 - жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жерінде ұлттық сана - сезімін өз халқының намысын, ар - абройымен байланыстырылған жаңа буын өсіп шыққанын көрсетті.

1 - оқушы.
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің
«6ә» Айдана2 - оқушы.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең - жырымыз,
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күйіміз?

3 - оқушы.
Тарылып жатса даламыз,
Қайтып біз тыныс аламыз?
Қақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?

4 - оқушы.
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы.

Жібердік еркін ат басын
Қиянат жанға батқансын.
Тоқырау тауын күйреттік,
Деп «Теңдік күні батпасын»

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сан, ғасырлық, Тәуелсіздік, арманы, Қазақтың
Просмотров: 177 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar