Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы
24.09.2015, 13:55
9 - 11 сынып аралығында интелектуалдық сайыс
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы»

Мақсаты:
1) Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Көп ұлтты Қазақстанның әрбір азаматын біздің ортақ үйіміз Қазақстанда халықтар арасында достық сенім, келісім және тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға тәрбиелеу.
3) Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс

Көрнекілігі: еліміздің туы, интерактивті тақта, слайдтар, көрме
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»

Барысы:
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл. Осыған байланысты оның қадір - қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы.» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Өзгешелігі сайысты үш сынып (9 - 11 сынып) арасында өткізгелі отырмыз. Әділ қазылар алқасымен таныс болайық. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.

Сайыстың шарттары:
1. Мақал - мәтел айту
2. Бәйге
3. «Тапқырлық» сайысы
4. «Тілмар»
5. Жеті жұмбақ
6. Үй тапсырмасы. Поэзия минуты
7. Тілек айту

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді ата - бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»- деген.
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал - мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал - мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал - мәтелдеріңізді айтыңыздар).

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ - жауап) Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!
Қазақстан туралы әр сыныпқа 7 сұрақтан беріледі. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
9 сыныпқа сұрақтар:
1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
Жауабы:
2. 1919 - 1925жж. Қазақстанның астанасы - Орынбор қаласы,
3. 1925 - 1929жж. Қызылорда қаласы.
4. 1929 - 1997жж. Алматы қаласы.
5. 1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
6. 1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сан, ғасырлық, Тәуелсіздік, арманы, Қазақтың
Просмотров: 217 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar