Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым
24.09.2015, 12:14
«Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым» атты әдеби - сахналандырылған қойылым
2 - жүргізуші: Иә, бұл мереке - Ұлы мереке, шың мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз “Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас” деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт - азаттық көтерілістерге шыққандығы – осының дәлелі.

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым» атты әдеби - сахналандырылған қойылымымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Слайд. «Көшпенділер» («Көшпенділер» фильмінен үзінді)

1 - жүргізуші: Ұлы қазақ даласы тек қазақ жұртының ғана емес, адамзат өркениетінің бұралаң жолдарында бабаларымызбен йық тіресе тіршілік кешкен талай халықтардың да әрі қарай өсіп - өркендеуін бүтіндей өзгертіп жіберген қыруар оқиғалар мен асулы кезеңдерді үздік - создық ғасырлар үрдісінде өз бойына сыйғызды. Ұлы дала қойнауында бабамыздың ұраны, тәуелсіздік жолындағы күресі, арманы, тарихтың айтылмай кеткен сырлары бар. Қайран да менің жерім - ай...
2 - жүргізуші: XVIII ғасырдың соңында Қазақ хандығының оңтүстік территориясы жоңғар шабуылына ілікті. Жорық барысында Түркістан оазистері қаңырап, Сайрам қаласы талқандалды. XVIII ғасырдың басында Жоңғариямен күрестің шиеленісуіне байланысты Қазақ хандығы терең дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім, Тәукенің саясатының негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін шайқалтты. Жоңғарлардың күшті соққысының бірі тарихта -« Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін» атымен қалды. (1723 - 1727 ж. ж). Ел басынан кешкен осы қасірет «Елім - ай» әнін тудырды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, үдере көшті.
Көрініс: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Көш келе жатыр. Арып - шаршаған адамдар

2 - жүгізуші: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» ондаған мың қазақтарды атамекенінен кетуге мәжбүр етті. Қазақ батырлары қазақ елін қорғап қалу үшін кескілескен күрес жүргізді. Қазақ халқы үлкен күш - жігер арқасында аумақтық тұтастығын қорғап қала алды. Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Әулие Райымбек, Қанжығалы Бөгенбай сынды батыр ұлдарымыздың жанқиярлық ерлігі өз еліне деген адалдығының үлгісі

Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап жан кешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.

Слайд. «Ұлт - азаттық көтерлістер»

Армандап боздақ аһ ұрып,
Айқаста қаны бөккен жер.
Хан Кене ашу шақырып,
Махамбет шерін төккен жер.

Құрманғазы сарындап,
Ыбырай мектеп ашқан жер.
Амангелді арындап,
Сұқ көздер бұғып сасқан жер.

Талқан боп тәж бен тағы да,
Қызыл дерт мәңгі құлады.
Атойлап атқан таңының
Азаттық болып ұраны.

1 - оқушы: Патша үкіметі Қазақ елін тәуелді ету мақсатында әр қилы шараларды жүзеге асыруға кірісті.
- Шұрайлы суы мол жерлерден қазақтарды ығыстырды казак - орыстарды сол аймақтарға орналастырды
- Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақ жерінің басқару жүйесі өзгертіліп, хандық билік жойылды.
2 - оқушы: Отарлау саясатына қарсы қазақ даласында ұлт - азаттық көтерілістер өрши түсті. Олар: Сырым Датұлы (1783 - 97), 1836 - 38 жж. Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы (1837 - 47), Аббас Қошай ұлы мен Лаубай Мантайұлы (1842 - 44), Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856 - 57), Есет батыр (1847 - 58), Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы (1870) бастаған көтерілістер.
Ұлт - азаттық көтерілістердің мақсаты отарлық езгінің күшеюіне қарсылық, жер мәселесін шешу, қазақ жерінің дербестігін сақтау болды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: етер, ұғым, тәу, Киелі, Тәуелсіздік
Просмотров: 252 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar