Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:47
«Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым» атты әдеби кеш
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік 22 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: - Тәуелсіздік 11 әріптен құрылған,
Сан ғасырлар әр қазаққа боп арман,
Талай дара, даналардың көз жасы
Қанымен атты таң боп бізге алуан

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсіз Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік - сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік - ақ батасы атаның
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік - ата - бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік, тәуелсіз - жыр әнім
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік
Қолда елімді қасиетті Құраным

1 - жүргізуші: Тәуелсіз ел тарихы - отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер Барыс текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл - ойы мен жүрегінде туған жер мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл еліміздің дамуы, өркениетке ұмтылуы жолындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.
2 - жүргізуші: Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз Құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын кездері де болады. Ендеше, маңызы зор біздің Тәуелсіздігіміздің тарих беттерінен бір сәт шегінсек...

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (әдеби, тұғырым, етер, тәу, кеш), Тәуелсіздік
Просмотров: 274 | Загрузок: 86 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar