Тәуелсіздік – тұғыры - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік – тұғыры
24.09.2015, 09:45
Тәуелсіздік – тұғыры
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру, желтоқсанға қатысқан аға – апайлардың ерлігі туралы айту. Еліміздің тарихы туралы түсінік беру.
2. 1986 жылы 16 желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл – қыздарымыздың ерліктерін еске алу, есте сақтау қаблеттерін арттыру. 3. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншілігің арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, Қазақстан рәміздерінің суреті.

Тәрбие сағатының барысы:
І. Кіріспе.
Біз қазақ мал баққан елміз.
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке кетпесін деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Дәм – тұзды ақтай білген елміз.
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз!
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар сендерді келе жатқан еліміздің тәуелсіздік күнімен
құттықтаймыз! Бүгін тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғыры» - атты тәрбие сағатымызды бастайық.
- Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата - бабаларымыздың арманы міне, бүгін орындалып жатыр. Ата - бабаларымыздың болашақ ұрпақ сендер үшін қан төккен ерлігінен бастап, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты.
- Балалар сендер «Желтоқсан» деген сөзді естігенде ойларына не келеді?
(Шеру, Қазақстан, милиция, мұз, 1986ж. Желтоқсан алаң, Қайрат Рысқұлбеков, Тәуелсіздік, қару, жастар)

- 1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары өз елінің тәуелсіздігің талап етіп алаңға шықты, олар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. Шеруге шыққан жастарға «бұзақылар, нашақорлар, ұлтжандар» - деген кінә тағылды. Көп деген жастар – студенттер оқу орнынан шығарылды. Қайсарлықпен ерлік көрсетіп, бостандық үшін өмірден жап – жас қыз – жігіттер құрбан болды. Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сапатаев осы кісілердің рухына тағзым ету парызбыз. Осы батыр кісілердің рухын еске алып 1 – минут үнсіздік жариялайық.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тұғыры, Тәуелсіздік
Просмотров: 211 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar