Тәуелсіздік таң нұры (әдеби – сазды кеш) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік таң нұры (әдеби – сазды кеш)
24.09.2015, 10:28
Тәуелсіздік таң нұры (әдеби – сазды кеш)

Кештің мақсаты:
Оқушыларды ҚР - ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.
Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту
Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейнетаспа, көркем суреттер.
Сахнаның ар жағынан Қ. Әбділдәқызы «Тәуелсіздік» өлеңі оқылады Құспановтар

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік - таң нұры» атты әдеби - сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» оқитын ағайынды Құспановтар
1- оқушы (Дамир):
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. Бір сәт өткен өмірге шолу жасайық. («Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсету)
2 -оқушы (Азамат):
Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
3 -оқушы (Алмас):
Қазақ халқы – жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп – ақ ұлан - ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер. Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!
4- оқушы (Айбек):
ХVІІІ ғасырда «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманы еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын, дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей адастырмас ақыл мен қара қылды қақ жарған, әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше.

Ән «Үш қоңырым» орындайтын: Қалиев Аслан

Жүргізуші:
Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,
Азап жүгін, ел жауын қуған ері,
Әділет пен бірлікке жанын қиып.
Әділ өткен ағалардың туған жері.
Бес арыс ұлдары
«Елім»- деп өткен ер.
Жалынды жырлары
Жанымен өтелер.
Үш алып тұлғалар
Бір болып ұраны,
Ғасырлық ұлылар
Мәңгілік жыр әнім - деп
«Арыстар аманаты» бейне фильмін тамаш алауға шақырамыз.

5- оқушы (Наурызбек):
Ұлттық намысымызды оятып, салт - санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы»
Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды.

«Желтоқсан жаңғырығы» оқитындар:
11 «А» класс оқушысы Төлегенова Гүлжанат,
10 «А» класс оқушысы Алишев Қанағат

Жүргізуші:
Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
6 оқушы (Қанағат):
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н. Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.
7 оқушы (Айнұр Т):
Бүгіннің биігінен көз саламын еліме,
Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме
Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,
Бір отбасы, бір туысқан бір - біріне қарасқан!

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер: мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!
Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз,
Мәдениет те таң қалдырып, ғылымымыз өрлеуде.
Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға,
Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім аршында!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сазды, (әдеби, таң, кеш), нұры, Тәуелсіздік
Просмотров: 194 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar