Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!
24.09.2015, 11:23
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!»
Мақсаты:
1. Еліміздің тәуелсіздік шежіресінен түсінік беру, тәуелсіздік алып жеткен жетістіктермен таныстыру
2. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту
3. Өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азамат тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.

Мұғалім: Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтуде
1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.
Бұл мереке – ұлы мереке, шын мәнінде ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Мұнан 22 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.

Бүгінгі шарамыз ҚР Тәуелсіздік күніне арналған.

Ақталған ақ арманы, үміттері, Қашан көрсең жүреді күліп тегі. Қаумалаған ағайын, аманбысың, Аманбысың сайыстың үміткері.- дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!
Шын жүйрік шабысымен танылады, Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда, Сіздерге құрметпен қол соғылады - дей келе сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазылар алқасын атап кетейік.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады: 1 - кезең – «Бәйге», 2 - кезең – «Полиглот», 3 - кезең – «Кім жүйрік?», 4-кезең – «Құпия сандық», 5 - кезең – «Көрерменнен көрімдік», 6 - кезең - «Талапкер».
Ойыншылардың жауап беру ретін жеребе бойынша анықтайық.(асықтар)
1 - кезең «Бәйгенің» шарттарын түсіндіріп кетейін. Әр сайыскер өзіне ұнаған ұяшықты таңдайды және сол ұяшықтағы жасырылған тест сұрағына жауап беруі керек. Дұрыс жауап - 1 ұпай.

2 - кезең “Полиглот”. Мұнда сайыскерлер кеспе қағаздарындағы мақал - мәтелдерінің тиісті сөзін қойып, оны орыс, ағылшын тіліне аударады. Жауабын тапса - 1 ұпай, орыс тіліне аударса – 2, ағылшын тіліне де аударса – 3 ұпай беріледі.

1.... адам – ормансыз бұлбұл. (Отан, Родина, homeland)
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман, плохой, bad)
3.... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл, язык, language)
4.... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы, друг, friend)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жоқ, Теңдесі, Тәуелсіздік, байлығым!
Просмотров: 132 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar