Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!
24.09.2015, 10:19
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру елді, жерді Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ашық тәрбие сағаты
Өтетін орны: «Атамекен», «Қазақстан картасы», МКҚК этно - материалдық кешені
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, балалардың салған суреті, слайдтар, шығармашылық жұмыстары

Сабақбарысы:
1. Топқа бөліну
Барыс, бүркіт, жылқы суреттерін таңдап, сол арқылы үш топқа бөлінеді.
2. Сурет құпиясы
Слайдтағы құпия сөз арқылы тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтайды.
3. «Бейнебаян» /1 мин/

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата - бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанда Призидент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конститутциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге, міне, 22 жыл толыпты. «Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады»,- деп елбасы сөзі тәуелсіздігімізді тәу етіп тұруға шақырып тұрғандай емес пе?! Данагөй бабаларымыз: халықтың өмірі мемлекеттің өмір сүруінің мән - мағынасына айналғанда ғана адамдар рухани тірекке табан тірейді деп тегін айтпаған ғой. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік - жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман - мұратының салтанат құруы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, еліміз тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толқынысқа бөлейді, кеудемізді қуаныш кернейді. Бұл – шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен тек оның еркін азаматы ғана сезіне алады. Тарихын қастерлейтін ұрпақ сіздерсіздер!

Олай болатын болса, сынақтан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Шарларды атып, ішіндегі сұраққа жауап береміз. Шар жарылмаса кезекті келесі топ алады. Дұрыс жауап қоржындарыңызды жұлдызшамен толықтырады.
• Әнұранның авторлары
• Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қай жылы 10 жыл толды?
• Тарихтағы «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» жоңғар шапқыншылығы қай жылдары болды?
• Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
• «Кіші октябрь» саясатының зардабы
• Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қай жылы болды?
• Музыкалық сұрақ (әуені арқылы әнді тауып, бір шумағын айту)
• Үш кемеңгер дүлділім,
Сақтаған ел бірлігін (үш биді ата)
• Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар (жалғастыр)
• «Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады» - кімнің сөзі?

4. «Көшбасшы тұлғалар»
Тарих беттерінде тәуелсіздік жолында жүректері «елім», «жерім» деп соққан көшбасшыларды еске түсіріп, флипчартқа жазуларыңыз қажет. Әр топ өздерінің жазған көшбасшыларын дауыстап оқиды. Ең көп жазған топ 3 жұлдызша, келесі топ 2 жұлдызша, келесі топ 1 жұлдызша алады.

5. «Болашаққа қадам...»
Бір топ сазермек, екінші топ бояу қарындаш, қағаз, үшінші топ түрлі - түсті қағаздан коллаж жасаулары қажет.
/Музыкалық үзіліс: Сәуірбаева Әсемнің орындауында «Туған жер» әні/

6. «Мен - қандай көшбасшымын? Менің тәуелсіз еліме тілегім»
Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Жұлдызшаларыңызды санаңыздар. Мойындарыңызда ілініп тұрған кейіпкерлердің бейнесі қазақ болмысына жақын бүркіт, барыс, жылқы. Олардың бейнесін қайдан кездестірдіңіздер? Сіздер оларды өздеріңіз таңдап алдыңыздар, яғни оларда бар мінез сіздерде бар. Солай ма?

7. Қорытынды
Мойындарыңыздағы суреттің артқы жағына қандай көшбасшы екендеріңізді және тәуелсіз елімізге тілегімізді жазамыз. Ортаға келіп, шеңбер болып «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» барлық оқушы хорымен айтады.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: елім, тірегім, деп, жүрегім!, Тәуелсіздік, соққан
Просмотров: 286 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar