Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
24.09.2015, 09:30
«16 - шы желтоқсан - Тәуелсіздік» күніне арналған мерекелік - концерттік іс - шараның жоспары
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»
Мақсаты:
- Тәуелсіздіктің 22 - жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту;
- Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;
- Өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.
Түрі: дәстүрден тыс, әдеби - музыкалық кеш
Көрнекіліктері: тақырып жазылған баннер, ноутбук, проектор, бейнедискілер мен слайдтар
Мерекелік - концерттік кештің барысы:
(Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады. Сахнаға жүргізушілер шығады)

І - жүргізуші: О, кең дала!
Ен қызыққа батқаның
Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.
Халқымыздың қуанышын молайтқан
Егемендік сенің алып жатқаның.

ІІ - жүргізуші: Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерік тізгінін
Ие болған әлем ілтипатына
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

І - жүргізуші: Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,
Бастағандай көгім бүгін ашыла
Еңсесі тік, егеменді ел болып,
Бақыт қонды қазағымның басына.

ІІ - жүргізуші: Сарыарқа сайран төріміз,
Кең байтақ біздің жеріміз.
Егемендікке қол жетіп,
Тәуелсіз болды еліміз.

І - жүргізуші: Ұмытпаймыз біздер әрқашан
Тағдырдың берген бұл сыйын
Еліміз болып тойлаймыз
Тәуелсіздіктің біз күнін!

ІІ - жүргізуші: Тәуелсіздік ырысым мен қазынам!
Ол - әсем ән,
Жан тынығар сазынан.
Әнұраным шалқығанда асқақтап
Жаздай жайнап
Құрысымнан жазылам.

1. Әнұран. («Менің Қазақстаным» - ҚР әнұраны орындалады)
І - жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы… Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп
тұрғандай. Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жігер отына жанған жаңа да қайсар ұрпақтың келгенін әйгілеген еді.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тынысың, ертеңгі, дәулетің, ырысың, Тәуелсіздік, Бүгінгі
Просмотров: 177 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar