Табиғат пен адам егіз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Табиғат пен адам егіз
24.09.2015, 13:29
тақырыбы: Табиғат пен адам егіз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері.
- Балалар, біздің асыраушыларымызда, панамыз да – Табиғат - анамыз.
- Олай болса, Табиғат - анаға тілек айтайықшы.
- Табиғат - Анамыз таза болсын!
- Табиғат - Анамыз көркемде, сұлу болсын!
- Табиғатымыз ұзақ жасасын!
- Біздің табиғатсыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Өздерің елестетіп көріңдерші, табиғаттың суы, ағашы, өзен - көлі, сұлулығы болмағанда не болар еді.

Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
1 - оқушы:
Қазақстан - туған өлкем.
Жер көппе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.

2 - оқушы:
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.

3 - оқушы:
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.

Мұғалім: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

4 - оқушы: Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

5 - оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.

Мұғалім: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

6 - оқушы: Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.

7 - оқушы: Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.

Мұғалім: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Мұғалім: Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.

8 - оқушы: «Қазына қара жерде» дейді қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз алып.
Жер - анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.

9 - оқушы: Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.
Кенің барма, жоқ болса жарлысың,
Кенің болса келешегің зор сенің.

Мұғалім: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
«Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.

10 - оқушы: Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.
Хор: «Туған жер».

Мұғалім: Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті - жасыл әлем. Орман - тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.

11 - оқушы: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақты ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен - сауын.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі -
Көкірек қанша жұтса тоясың ба?

12 - оқушы: Баянауыл басынан бұлт аумайды,
Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды.
Алматыдан алыстау демесеңіз,
Алатаудан Баяның бір аумайды.

Мұғалім: Тіршілік атауының өмірлік өзегі, аңсар арманы – таза ауа.

13 - оқушы: Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

- Біздің табиғатсыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Өздерің елестетіп көріңдерші, табиғаттың суы, ағашы, өзен - көлі, сұлулығы болмағанда не болар еді.

КӨРІНІС.
Қатысушылар: Күн, Ауа, Су, Жер - Ана, оқушы.

Оқушы: Ей адамдар,
Күн мен гүлден жаралған.
Ыстық сезім шуақ содан таралған,
Тіршіліктің иесі – Жер - Ананы ұмытпаңдар!

Жер - Ана: Балалар, адамның денсаулығынан асқан байлығы жоқ. Сондықтан өз денсаулықтарыңды табиғат емшілеріне қаратуды ұмытпаңдар.

Күн: Нұр сәуле – шуағым,
Беретін қуатым.
Ұлы емші боламыз,
Бізден күш аласыз.
Жылытып қыздырып,
Нұрыма жүзіңдер,
Алтындай шуағым,
Сырқатты қуамын.

Ауа: Жер шары – ұлы әлем,
Қоршаған біздерді.
Ауадан тыныс ап,
Өседі ырыс - бақ.
Денсаулық дауада,
Демге күш ауада.

Су: Сусында әрі ем,
Біз емші бәрінен.
Жуынсаң сергітер,
Су өмір жүрегі.
Денсаулық тірегі.

Оқушы: Уа, Жер - Ана! Мөлдір су! Таза ауа! Алтын күн! Дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?

Жер - Ана: Денсаулығың мықты болуы үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек. Яғни, дене жаттығуын жасау, табиғи тағам ішу, дем алу, жерің мен табиғатыңды қорғау керек.
Мәтін. «Серуенге барғанда» мазмұнын әңгімелеу, мағынасын ашу.
Қорытынды:
Слайдтар. Табиғатты қорғау, таза ұстау.

Жүректен жүрекке.
- Туған жер табиғаты қандай болсын деп ойлайсыңдар?
- Мен саялы ағаштар өссін деймін, табиғат ана жап - жасыл болсын, күніміз жайнап аспанымыз ашық болсын, гүлдер жайқалып өссін деп тілеймін.
Олай болса, сендерде күндей күлімдеп, гүлдей жайнап, ағаштай биік, судай таза болып өсіңдер!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: пен, табиғат, егіз, Адам
Просмотров: 260 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar