Табиғат - тіршілік бесігі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Табиғат - тіршілік бесігі
24.09.2015, 12:32
Тақырыбы: Табиғат тіршілік бесігі
Мақсаты: 1. Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін, құрметін арттыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру. Табиғат – анаға, Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Саяхат түріндегі ой – толғау сабағы.
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Табиғат деген не? (Саяхат – шолу)
1. Табиғаттың басты байлығы – жер.
2. Тіршілік атаулының бар арманы – ауа.
3. Әрқашан күн сөнбесін!
4. Тіршілік көзі – су.
5. Табиғат байлығы – өсімдіктер.
6. Орман сәні – құстар.
7. Табиғаттың сұлу мүсіні – хайуанаттар.
ІІІ. Ойын «Мейірімді жүрек»
ІV. Ой – толғау. Табиғатпен сырласу.
V. Егер мен суретші болсам...
Егер мен ақын болсам...
Егермен әнші болсам...
VІ. Табиғатқа тілек.
VІІ. Хор: Қазақстаным менің!

Мұғалім: Қайырлы күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, Табиғат – анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні Табиғат – ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Олай болса мен сендері Табиғат – анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғат – тіршіліктің бесігі» деп аталады. Мақсатымыз, біз бүгін сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз. Табиғатты сүюді, қорғауды үйренеміз. Біз бүгін табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін Табиғат – анадан мейірімділікті үйренеміз. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат – сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше, біз бүгін сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып, мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз,
Армысың, табиғат – анамыз!
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
Мұғалім: Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не?
Оқушылар: Ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын:
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды.
Оқушылар: Жер
Мұғалім: Саяхатымыздың 1 – ші аялдамасы – «Табиғаттың басты байлығы – жер» деп аталады.
Жер – Нұрғиса: Армысыздар, ағайындар.

Мұғалім: Балалар, жер бізге не береді?
1 – оқушы Мейрамбек: Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз.
2 – оқушы Назерке: Адамдар, жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.
3 – оқушы Мирас: Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.
Мұғалім: Жер туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?
4 – оқушы Үміт: Жері байдың – елі бай.
5 – оқушы Саят: Күте білсең, жер жомарт.
6 – оқушы Арыстан: Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нан береді.
Мұғалім: Жер туралы қандай өлең білесіңдер?

7 – оқушы Мейрамбек:
Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаhан аялап тұр алақанында.
Мұғалім: Жер, сіздің пейіліңізге рақмет, төрге шығып жайғасыңыз.
Хор: Туған жер.

Мұғалім: Ал, балалар, екінші жұмбақты шешейік:
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң, құшағың толмайды.
Оқушылар: Ауа
Мұғалім: Саяхатымыздың 2 – ші аялдамасы «Тіршілік атаулының бар арманы – ауа» деп аталады. (Ортаға ауа кіреді)
Ауа – Баянғали: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сендерге ауа керек пе? Қане, дем алыңдар таза ауамен. Мен туралы не білесіңдер? Мен не үшін керекпін?

8 – оқушы Нұрдана: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

9 – оқушы Ақнұр: Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ. Адам бар – жоғы бір – екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда «Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Сонау 1949 жылдардан бастап, Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: - Ей, адамдар, Табиғат – ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
10 – оқушы Саят: Жер бетінде барлық тіршілік ауамен ғана өмір сүреді.
11 – оқушы Сағадат: Атамекен ауасы – жан – жүйенің дауасы.
12 – оқушы Назерке: Ауаны былғама, ауа – Алланың демі.
Мұғалім: Ауаны былғамау үшін не істеу керек?
Үміт: Мен ауаны газбен былғайтын көлік түрлерін азайтар едім.
Әсел: Мен зауыттар мен фабрикаларды қаланың шетіне салдырар едім.
Арыстан: Мен аулаға ағаштар мен гүлдерді көп отырғызып, көгалдандырар едім.
Мұғалім: Кім ауа туралы өлең біледі?
13 – оқушы Нұрғиса:
Жер шары дәу әлем,

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: табиғат, Тіршілік, бесігі
Просмотров: 173 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar