Табиғатты аялай білейік! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Табиғатты аялай білейік!
24.09.2015, 14:26
Тақырыбы: Табиғатты аялай білейік!
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен ізденіске салу, қиялын шыңдап шығармашылыққа баулу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
Табиғатты қорғауға, қамқор болуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, шарлар, макеттер, т. б.

Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірлі ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз бізді қоршаған табиғат жайлы болмақ.
2 - жүргізуші: Табиғат – ол бізді қоршаған орта: аспан, ай, жұлдыз, ауа, күннің жылуы, өзен, көл, жарық. Табиғат – байлық көзі. Сондықтан біз айналамыздағы бар дүниеге қамқор болуымыз қажет.
Табиғат туралы өлеңдер:

1 - оқушы: Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, бар тіршілік киесі!
2 - оқушы: Табиғат – сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп, ер жетем,
Биікке самғап жетемін..
Хор: «Балдырған»

1 - жүргізуші: Табиғат – тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі. Құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені.
2 - жүргізуші: Әрқайсымыздың табиғатқа деген алғысымыз шексіз және табиғаттың бар тіршілігін, құстары мен жан - жануарларын қорғауымыз міндет. Әрқайсысының бізге пайдасы мол.

4 - оқушы: Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?

5 - оқушы: Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл,
Не қалады сиқынан,
Қызыл - жасыл жердің бұл?

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Өте дұрыс көктемде жыл құстары ұшып келе бастайды. Құстардың бізге пайдасы өте көп. Құстар туралы кішкене мағлұмат беріп кетейін. Қарлығаш: ерте келіп, кеш кетеді. Жемтігін ұшып жүріп қағып жейді, суды да солай ішеді. Адамдарға жақын жүретін құс.
Жаз бойы 1 миллион құрт жейді. Қарлығашты адамның досы деп айтады.

6 - оқушы: Қарлығашпын, мен, қарлығашпын,
Шыбын деген кеселден
Тазалаймын үй ішін.
Ел аузында мақтаулы,
Тазалықшымын төселген.
1 - Балалар аққу туралы білеміз бе, ол қандай құс?
2 - Дұрыс айтасыңдар аққу киелі құс. Аққуды көргендерің бар ма? Қайдан көрдіңдер?
Жарайсыңдар балалардың барлығы аққуды көріпті. Аққулар біздің теңізге
қыста күн салқында келеді. Аққулар жұп болып жүреді екен және олар өте тату болады. Аққуды атуға болмайды. Жыландар да аққудың жұмыртқасына тимейді екен.

7 - оқушы: Құс сұлуы – аққумын,
Табиғат көрік сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар.
Нәзік үнді, көл көркі,
Құс патшасы – мен болам.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: аялай, білейік!, табиғатты
Просмотров: 268 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar