Табиғатты аялау - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Табиғатты аялау
24.09.2015, 10:12
Тақырыбы: «Табиғатты аялау»
(Экологиялық форумның үгіт бригадасының сценарийі)

1. Көрініс: Сахнада бір топ жастар табиғат аясында дем алуда. Адамдар табиғат сарқылмас қазына деп түсініп, оның қорларына бірте – бірте зиян келтіре бастайды.
Жағалауында отырған жастар босаған ыдыстарын, тамақтардың қалдықтарын лақтырып, су жағалауына өскен ағаштарды шаба бастайды.

Сол сәтте өсіп тұрған ағашқа тіл бітіп, сөйлей жөнеледі:
- Ей, адамзат, адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегіңізге ұялататын аяулы Ана - табиғат! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі емес пе? Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Ал, сен болсаң сол әдемілікті жойып, халық дәстүріне қарама – қайшылық көрсетіп отырсың! Ей, пендем есіңді жи,

Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір - бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
Аралға да жан ашымай қарадық,
Сарқылмайтын байлыққа оны санадық.
Талай елді асыраған ежелден
Аралдың да бар байлығын тонадық
Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай Ананы
Қорғау үшін әрқашанда тұр дайын!
Сұлу табиғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін
қорғау - парыз. (хормен)
2. Көрініс: Сахнаға оқушылар шығады
А) Табиғат – Ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

ә) Табиғат – Ол Топырақ.
Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.

б) Табиғат – Ол Өсімдік
Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл – жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде қуантатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті – жасыл – желек орман.

Өсімдік өмір кілті талас барма?
Тіршілік өсімдіксіз жарасқанба?
Нәрленіп негіз алған түрлі дүние,
Өсімдіктер таралған жер анаға!

в) Табиғат – Ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы - Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұр асың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған,
Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан,
Сен – көлсің,
Сен – ормансың,
Сен – бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Табиғаттың тарылтпайық.
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың.

О, табиғат тіршілікке бесік болған мекенім,
Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл – қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым қорғаушың боп өтемін.

Хормен:!
Жүрегімді тербелеген бір арман бар,
Аман болсын, аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл - ойды жоюға емес адамдар,
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар!
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық!(4 оқушы қолдарына Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық деген сөз жазылған қағаздарды жоғары көтеріп тұрып хормен айтады )

«Сарбаздар» әнімен «Жасыл ел ұйымының әні» орындалады:
Сөзін жазған ЖМУ - дің 3 - ші курс студенті: Әміржанова Меруерт Сабыржанқызы

Сайдың серке тасындай қатар тізілген,
Бізге қарап мектептің бәрі сүйсінген.

Қорғашы, ұланым,
Табиғат берген бізге қорларын.
Ай - хай табиғатым - ай
Жасыл елім - ай
Мәңгі бақи өзіңді қорғап өтем - ай!

Табиғатты қорғаймын жігер күшіммен,
Жапсарбаев ұланы қатар тізілген.

Қорғашы ұланым,
Табиғат берген бізге қорларын.
Ай - хай, табиғатым - ай,
Жасыл елім - ай
Мәңгі бақи өзіңді, қорғап өтем - ай!

Ай - хай табиғатым - ай
Жасыл елім - ай
Мәңгі бақи өзіңді қорғап өтем - ай!

Табиғатты аялау адам тілег, і
Азаматы болайық жердің тірегі.

Қорғашы ұланым,
Табиғат берген бізге қорларын.
Ай - хай табиғатым - ай
Жасыл елім - ай
Мәңгі бақи өзіңді қорғап өтем - ай!

Бүгін бізге аманат, осы табиғат,
Табиғатты әрқашан қорғау жарасады.
(ек рет)
Қорғашы – ұланым
Табиғат берген бізге қорларын,
Ай - хай табиғатым - ай
Жасыл елім - ай
Мәңгі бақи өзіңді, қорғап өтем – ай

Пай - пай, жас ұландар - ай
Қазақ халқым - ай
Қорғайықшы мәңгілік табиғатты - ай
Пай - пай жас ұландар - ай
Қазақ халқым - ай
Қорғайықшы мәңгілік табиғатты - ай!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: табиғатты, аялау
Просмотров: 414 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar