Табиғатты қорғау, болашақты ойлау - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Табиғатты қорғау, болашақты ойлау
24.09.2015, 13:59
Апталықтың тақырыбы: «Табиғатты қорғау, болашақты ойлау»
Мақсаты:
Білімділік: оқушының табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Танымдық белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: тақпақтар, нақыл сөздер айтқыза отырып, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеуін, ой¬- өрісін дамыту
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын арттырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: табиғат көрінісі суреті, гүлдер, құстар, жемістер, екибаналар.

1 – жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренада өз орнын ойып алған, Азия мен Европаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз.
2 - жүргізуші: Біздің ел тәуелсіздігін алған 20 жылда әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды.
Соның бірі Қазақстан Республикасының табиғатын қорғау ЗАҢЫ.

1 - жүргізуші:
Ей табиғат, шеберсін - ау, шеберсің,
Көрмегенде көрсетерсің берерсің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсін.

2 - жүргізуші.
О, сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің,
О, туған жер, тамашасың көркемсің.

1 - жүргізуші.
О, табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың.
Адамдарға сұлулықты шын ұқтырған.

2 - жүргізуші.
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Тіршілік табынады бір өзіңе,
Қайда кетті - ау сол кездегі келбет - көрік?!
ӘН. орындайтын:

1 - жүргізуші.
Сіздердің тамашалайтындарыңыз « АДАМ - ТАБИҒАТ пен ЖЕР - АНА перзенті»- атты қойылым.
Қойылымға қатысушылар: Жер, гүл, жануар, Адам.
Жер. Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік ететін тамаша перзентімсің. Саналы парасат пайымды төлімсің. Бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емес, басқа да тіршілік иелері - менің төл балаларым. Менің ауам, мөлдір су бұлақтарым, жайқалған жасыл бақ жасыл жұпар гүлдерім, асқар да, заңғар тауларым, жануарларым!
(Су сылдыры, құс, жануар дауысы естіліп тұрады.)
Қазір өзің – ақ естисің, жер - жаһанның қазіргі халін, тағдырын.
Қайың: Ей, адамзат, күннің аптап ыстығынан қашып, жапырағы жайқалған менің көлеңкемді саялайсыңдар. Саямда қанша отырғыларың келсе, сонша отырасыңдар. Менің онымен ісім жоқ. «Неге отыр, төлемі қайда» демеймін.

Гүл: Соншалық нәзік, алдағы күнім беймәлім, өсу өспеуім белгісіз. Сөйте тұра қылтиып өсіп келемін. Енді бір қарасаң шалғынмен жарысып, тербеліп тұрамын. Тағы бір күні қызыл - сары қауашақ гүлімді әлдекім үзіп жатады...
Қайың: Біздер тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзіміз. Оттегін тропосфераға бөліп шығарамыз, ауаны шаң мен улы газдардан тазартамыз.

Гүл: Ауаны салқындатып, қатты желге тосқауыл боламыз. Аптап ыстықты қайтарамыз, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеміз.
Қайың: Топырақты қарашірікпен байытамыз, саялы баспана, күнделікті қару жарағың, малыңа өріс, өзіңе қоныс болдық.

Гүл: Ауыра қалсаңыздар бізден дәрі - дәрмек аласыңдар.
Жануар: Жойылып кеткен, жойылуға шақ тұрған мына біз сияқты жануарлар қаншама десеңізші?! Біздер табиғаттың бір бөлшегіміз. Онсыз адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес.

Гүл: Табиғатқа көрік те, Сұлулықта беретін мына біздер. Біз мақтанып жатқан жоқпыз, қайта соншама ұлан-ғайыр байлығына ашкөзденген адамдардың, мына сендердің іс - әрекеттеріңе, налимыз.

Жануар: Табиғат тепе - теңдігін сақтасаңдар ғой шіркін!
1 - адам: Кешір, Жер - Ана! Бүкіл Адамзат баласы кешірім ретінде жанашырлық үлесімізді қосамыз, сендерді қорғаймыз.
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған.
От сезім мен мейірім содан таралған,
Тіршілік иесі -
Жер - Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
АҺ ұрады дүние!
Жаратылыс заңдылығы бұзылса егер,
Сонда болар кім ие?

2 - адам
Жоқ, енді бұған жол бермейміз!
(Жануар жанына келіп айтады)
Көз алдымда жатты қайран сұлулар,
Қайта оларды тірілтетін кімің бар?
О, адамдар тағыларға жол етпей,
Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар!

1 - адам
(Қайың мен гүл жанына келеді)
Киінген келіншектей оқалы орман,
Гүлді орман жанға сая, малға қорған.
Бабамыз бауырында малын бағып,
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар асылы,
Көркейген келбетімен дала сыны.
Ақ қайың, жасыл желек қарағайлар,
Секілді - ау көзіміздің қарашығы.

2 - адам
Жер құлпырсын! Өссін!
Қайта қайнасын!
Айдын көлге аққу жүзіп,
Бақта бұлбұл сайрасын.
Самғап ұшқан қырандардың,
Елім деген ұландардың
Қанаттары талмасын.
Елбасының жолдауына назар сал.
«Жасыл елге» үлес қосу әрі қарай жалғассын.
Табиғаттың тарылтпасын тынысын,
Тазалықтан басталуы керек екен әр ісің.
1 - адам
Жер бетінде жалғыз ағаш, жалғыз көл, жалғыз өзен қалғанда ғана өміріміздің қаншалықты қажеттілігін түсінеміз.
Жер - Ананы құрметтеңдер, Адамзат!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ойлау, қорғау, болашақты, табиғатты
Просмотров: 214 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar