Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
24.09.2015, 13:31
Тақырыбы: «Тапқыр достар» Интеллектуалдық ойын

Мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларды екі топқа бөліп, әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойып, сайыс ұйымдастыру арқылы олардың білімділігін арттыру;
2. Дамытушылығы; ой ұшқырлығын, қиялын, жауапкершілігін дамыту;
3. Тәрбиелілігі: оқушылардың патриоттық сезімін ояту және бауырмалдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, түрлі сурет, әріп бейнеленген жұлдызша.

Барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
І. Ұйымдастыру кезеңі
Екі топ көрермендерге таныстырылады, әділ - қазылар алқасын сайлау, оларды «Тапқыр достар» сайысының бағдарламасымен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлім
1. Таныстыру (топ басшысы топ мүшелерін таныстырады)
2. Сөз тапқанға... (әр оқушы сұрақтарға берілген әріп бойынша жауап беру, жауап бере алмаған оқушы ойыннан шығады, сұраққа көп жауап берген топ жеңімпаз атанады)

Сұрақтар
1. Досың кім?
2. Күнделігіңді уақытылы толтырылады ма?
3. Сыныпқа қандай үлес қостың?
4. Қандай пән ұнайды?
5. Бос уақытыңда немен айналысасың?
6. Өлең жаттайсың ба?
7. Бантикті кім тағады?
8. Сабақты жақсы оқисың ба?
9. Нешедесің?
10. Мұғалім болсаң не істейсің?
11. Үлкейгенде кім боласың?
12. Кім ұнайды?
13. Нені жақсы көресің?
14. Заттың атын білдіретін сөз айт?
15. Қуанғанда не істейсің?

3. Ойлан тап (суретке қарап мақал - мәтел айту)
4. Сен білесің бе? (сұрақ арқылы ұпай жинау)

1. Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?(1991ж. 16 желтоқсан)
2. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім? Ғарышқа қашан ұшты?(1991ж. Т. Әубәкіров)
3. ҚР мемлекетінің рәміздері қай жылы қабылданды? (1992ж. маусым)
4. Ұлттық валюта айналымға нешінші жылы енді?(1993ж)
5. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995ж)
6. ҚР мемлекеттік Әнұранының авторлары кімдер? (Н. Назарбаев. Ж. Нажмеденов, әні: Ш. Қалдаяқов)
7. ҚР мемлекеттік Туының авторы кім? (Ниязбекеов)
8. Екінші қазақ ғарышкері кім? Қай жылы ғарышқа ұшты? (1994ж. Т. Мұсабаев)

5. Кім жылдам? (логикалық сұрақтар)
6. Сөз құрастыру («сүтқоректілер» сөзінен әртүрлі сөз шығару)
7. Өнерпаз болсаң... (топ мүшелері өнерлерін ортаға салады)

ІІІ. Қорытынды:
Жеңіске жеткен топ мүшелерін марапаттап, мадақтау қағазын беру

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ойын), Достар, Тапқыр, (интеллектуалдық
Просмотров: 215 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar