Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
24.09.2015, 10:13
Тақырыбы: «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі»
Мақсаттары: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Көрнекілігі: шаңырақ, қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, ұлттық киімдер
1 - жүргізуші:
Пай - пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағың,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ,
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға.
Тағзым жасаймын қырларға
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанда.
1. «Жаса Қазақстан» әніне әр ұлттың өкілдері шығып, билейді.

2 - жүргізуші:
Таңы атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын
Міне осындай бар менің Республикам!
Кеш жарық! Ауылымның ақжаулық
аналары мен ардақты азаматтары!

1 - жүргізуші:
Армысыздар қадірменді көрермендер!
Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 20 жыл ішінде Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде!

2 - жүргізуші: Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.
1 - жүргізуші: Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп, бүгінгі 1 - мамыр Татулық, бірлік, ынтымақ күнімен баршаңызды құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойына орайластыра өткелі отырған
«Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты фестивалімізді ашық деп жариялаймыз./Әнұран орындалады/
Бүгінгі мерекемізді құттықтау сөз бен ақ тілектен бастаймыз. Құттықтау сөзді мектеп директоры – мектеп директоры Сағындықов Темірхан мырзаға береміз.
Келесі құттықтау сөзді ауыл әкімі – Дүйсенбин Қайырбек мырзаға беріледі.
1 - жүргізуші: Ассамблея.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясын өткізген болатын. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.
Ассамблеяның ХҮІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухы – дәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырды.
Біз, ел азаматтары, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс - ынтымағы тасыған, өркені дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!

2 - жүргізуші:
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, түрік, грузин.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. Қырғыздар, Молдавандар, Армяндар, Тәжіктер, Грузиндер, Азербайжандар, Түркімендер, Орыстар, Өзбектер, Украиндар өз өнерлерін ортаға салып, баптарын сынау үшін қонақтарын қарсы алайық. Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. Олай болса осындай бірлігі жарасқан, өз жеріміздегі әр ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалап, бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап

алайық.
Әділқазылар алқасы әр елдің өнерін бастауыш, ортаңғы, жоғары буын бойынша бағасын береді.
2 - жүргізуші: Фестиваліміздің бағдарламасында әр ұлт өкілдері өз елін таныстырып, 10 минут аралығында өз елінің салтын, өнерін көрсетіп, әнін шырқап, мың бұрала биін билейді.
Осы 7 - 10 минуттық бағдарлама аралығында әр ұлт өкілдерінің киім үйлесімділігін, таныстыру мәнерлерін, сахнада өздерін ұстау, би элементтерінің бір - бірімен жалғасуы, ән шырқау мәнерін сарапқа салып, жоғары ұпай – 5 деген балдық жүйемен есептелінеді.
Сонымен бірге бүгінгі фестивалімізде «Әуезді ән», «Үздік би», «Үздік киім», «Шебер модельер» номинациялары бойынша марапатталады.
1 - жүргізуші: Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады - деп «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты фестивалімізді бастаймыз.

1 - жүргізуші: Ортамызға Қырғыз – Қазақ
бір туған дегендей, өз өнерлерін ортаға
салу үшін айыр қалпақты қырғыз ұлтының
өкілдері келіп отыр. Қырғыз ұлтын сахна
төріне шақырамыз!

2 - жүргізуші:
Молдова бау мен бақша, жүзім елі,
Қысы жұмсақ, шұрайлы туған жері.
Халқы Молдован мен гагауыздар,
Орыс, украин, словян – ата тегі.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бірліктің, бесігі, тұтқасы, Татулықтың
Просмотров: 286 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar