Теңге — ұлттық табыстың кепілі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Теңге — ұлттық табыстың кепілі
24.09.2015, 11:29
«Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
Екі бөлімнен тұрады: І. Сап түзеу « Теңгенің шығу тарихы»
ІІ. Сайыс
Тақырыбы: «Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: белсенді тақта, теңгелер, әртүрлі валюталар, тапсырмалар жазылған карточкалар
Барысы:
І бөлім. Сап тузеу «Теңгенің шығу тарихы»
/ Слайдтар шығып отырады /
1 - оқушы: Мектеп, түзел, тік тұр! ҚР Мемлекеттік әнұраны айтылсын!
2 - оқушы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
6 - 7 сыныптар дайындаған «Теңгенің шығу тарихы» атты сап түзеуін ашық деп жариялаймыз.
3 - оқушы: Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре, тарих жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды.
4 - оқушы: Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді.
5 - оқушы: Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді.
6 – оқушы: Алғашқы теңге « Харрисон Санс» фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты.
7 - оқушы: Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Ортаға 1, 3, 5 теңге кейіпкерлері шығады.
Әбу - Насыр – әл – Фараби

Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған. Әл - Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Бала күнінен атқа шапқыштығымен, мергендігімен көзге түседі. Түркі, парсы, араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді. Грек, латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл - Фараби 150 жуық еңбек жазған.
Сүйінбай
Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Балалық шағында кедейшілік, жоқшылық көреді. Соған қарамастан 14 - 15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды. Сүйінбай келе - келе нағыз суырып салма, айтыстың ақиық ақынына айналады.
Сүйінбай халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез - құлқы, адамгершілігіне, жақсы - жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.

Құрманғазы
Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері, домбырашысы. Күй өнерінің классигі. Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді. Зейінді туған бала әке - шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын иығынан тастамайды.
Құрманғазы қуғын - сүргінді көп көрді. 1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.
Ортаға 10, 20, 50, 100 теңге кейіпкерлері шығады.
Шоқан Уәлиханов
Ол өте ақылды, көреген, өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды. Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді. Шығыс әдебиетімен танысады. Араб, парсы, ұйғыр тілдерін меңгерген. 1853 жылы Кадет корпусын бітіреді. Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы, географ, суретші, әдебиетші, тарихшы.
Абай Құнанбаев
Абай - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы. Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды. 10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді. Мұнда араб, парсы, шағатай тілдерін меңгереді. Науаи, Низами, Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі.
Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды. Оның елуге жуық қара сөздері бар. Көлемі қысқа, мағынасы терең.
Әбілқайыр
Кіші жүздің ханы. Қазақ жастарының қолбасшысы. Күшімен, айласымен, батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шықты.
Абылай хан
Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі « қанішер» Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында туған. Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі өліп, өзі далаға қашып, аман қалады. Шашы өскен, қара тымақ киген жұпыны киімі бар балаға Төле би « Сабалақ» деп ат қойыпты. Өсе келе ұрыстарға қатысады. Ол « Абылайлап» ұран салады. Жеңістерден кейін ол Абылай атанады.
8 - оқушы: Ұлттық валютамыз ҚР Президентінің 1993жылғы 12 қарашада Жарлығымен осыдан 18 жыл бұрын 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сегізден бастап айналымға енгізілді. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күн ҚР ұлттық валюта күні ретінде атап өтеді.
9 - оқушы: Ұлттық валюта – теңге банкноты және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұлттық, кепілі, табыстың, Теңге
Просмотров: 307 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar