Тектілік деген не? Тексіздік деген не? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тектілік деген не? Тексіздік деген не?
24.09.2015, 15:12
Сабақтың тақырыбы: Тектілік деген не? Тексіздік деген не?

Мақсаты:
Білімділік: Тек, ататек, рушылдық(белгілері), тектілік белгілері туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық: Осы ұғымды халық педагогикасымен, мақал - мәтелдермен, ақын - жыраулармен байланыстыра әңгімелеп, пікір таласын тудыру тілдерін дамыту, ұлттық санамен рухты биіктету.
Тәрбиелік: Тәрбиелік пен зиялылық негіздерін таныту, болашақты ойлауға үйрету.
Ұраны: атадан - ұл туса игі, ата жолын қуса игі
Сабақ жүрісі: Дөңгелек үстел
1. Тегін білу деген не? Ата - баба дәстүрінде тегін білуге неліктен мән берген деп ойлайсыз?
2. Ататек дегенді бәзбіреулер қалай түсінеді? Рушылдық деген не? Рушылдық пайдасы бар ма?
3. Тектің азып - тозуына саясаттың ролі бар ма?
Көрнекілік: Интерактивтік тақта, Б. Момышұлының суреті, оның қорқынышы туралы сөзі.

Пайдалнылған әдебиеттер:
1. Б. Момышұлы
2. М. Шаханов өлеңдер жинақтары
3. Сабыр Адай
4. Рахат Қосбармақов
5. газеті

Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз,- деген Шалкиіз жырау мен Махамбет ақын айтқан ойға көзқарастарыңыз қалай?.
1) Жаманнан жақсы тумайды. Рахат Қосбармақов «Тектілік»
2) Жаманнан жақсы туады. Сырым Датұлы туралы мәлімет
3) Жаманнан жақсы туады. «Жас алаш» газеті материалдарынан дәлелдер
4) А, Құдай, бала бер, бала берсең сана бер
Сана берсең, бір - біріндеп ала бер.
Тегін сақтауды, тек дегеннің мәнін табиғаттан үйренуге бола ма?
Светқали Нұржанов «Көйіншек көрт»
Мұхтар Шаханов «Барселона аэропортындағы сұңқарлар»
5) Тектіліктің негізгі белгілері қандай?. Халқымыздың асыл текті ұлының бірегейі – Бауыржан Момышұлының әкесінен алған батасы туралы.
6) Отбасын құруға тектіліктің қатысы бар ма?
7) Тексіздікті қалай танимыз?
8) Тектіліктің жауына нелерді жатқызамыз?. Асыл тектің аузына қауіп неден?

Ғаламдық жаһандану үрдісінің қалқасында
Бір өзі бір мемлекетті асырай алатын байлардың,
Билікке бас ұрған еліккіш адами қойлардың
Және оған ашынған қоғами ойлардың ортасында.
О тоба, бар еді өз ата – бабамыз.
Бар еді өз ана тіліміз, санамыз.
Тамырсыз дарақты
Тамырсыз көк майса алапты,
Тамырсыз гүлдерді
Тамырлы тірлікте кім көрді?.
Нақ солай адам да
Заманнан заманға
Санадан санаға
Бабадан балаға
Жай көзге байқалмас тамырлар арқылы жалғасқан,
Адамда тамырсыз деушілер алжасқан.
Мазмұнды мақсаттың нарқы ұлы.
Бабалар сол тамыр арқылы
Ұнтақ боп кеудеден ұрпағын қорғасқан.
Қорытынды: Тектілік деген – имандылық; ар ұятты болу; әділетті ақ жолды болу; жаман әдеттерден сақтану; салт – дәстүрді қадірлеу; ел баласы болу; болашақ қамын ойлау; ұлттық санасын сақтау; ұрпақ қамын жеу.
Тегімізді сақтайық, қорғайық!
Ар – ұятты аттаушы болмайық!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тектілік, не?, деген, Тексіздік
Просмотров: 301 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar