Темекі шегу - адам ағзасына зиян - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Темекі шегу - адам ағзасына зиян
24.09.2015, 11:15
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға адам анатомиясы мен физиологиясы тұрғысынан темекі шегудің денсаулыққа зиян екендігі жайлы ұғындыру. Темекі шегудің алдын алу әр адамның міндеті екенін, шылым шекпеуге насихаттау.
Міндеттері:
- темекінің шегудің зиянды жақтарын анықтау;
- жеке бас пен әдеп мәдениетіне баулу
- алған білімді талдау өмірде қолдана білуге жағдай туғызу
- салауатты өмір жайлы білімін кеңейту
Түрі: ақпараттық - танымдық, ойын, тренингтік
Әдісі: сұрақ - жауап, ой пікірлесу, талдау, жүйелеу, сурет салу
Көрнекілігі: темекі түрлері суреттер, темекі шегуші адамдар суреті, слайд
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
3. Шылым шегу жайлы біз не білеміз? ашық тест

1. Оқушылар барлығы сияқты болуы үшін шылым шегеді
2. Адам мазасызданған кезде шылым демалуға көмектеседі
3. Шылым шегетін адамдардың көпшілігі ләззат алып тастағылары келмейді
4. Шылым шегу көп жағдайда жүрек ауруына себеп бола алады
5. Жас өспірімдердің көпшілігі шылым шегуді кез - келген
уақытта қоя алады
6. Шылым шегуді әдетке айналдырмай тек қана қызық үшін
шегіп кейін қойғанның ешқандай қорқынышы жоқ

Жауаптары: 1 - дұрыс, 2 - дұрыс емес, 3 - жоқ, 4 - иә, 5 - жоқ, 6 - жоқ
4. Шылым шегу барысында не нәрсе болады?

Мұғалімнің сөзі.
Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы – никотин оның уы ағзаға еніп әуелі тітіркендіреді одан соң жүйке жүйесінде әсер етеді қан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе дене тырысып өліп қалуы мүмкін
Темекі зияндылығы жайлы не білеміз?
Оқушы.
Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғары тыныс жолына түседі. Әдетте ондай нәрсе үйреншікті болғандықтан алғашында жөтел пайда болады бірақ егерде шылым шегу тұрақталатын болса ағзаға енетін ауаны фильтрлеп өткізетін тітіркендіргіш кірпікшелер өледі. Зиянды заттар ағзаны тітіркендіріп көп жағдайда бронхиттің асқынған түріне әкеп соғады. Тыныс жолымен түтін бронхаға қарай жылжыған сайын никотиннің зиянды әсері күшейе түседі.

- Шылым шегуші адамның сөздік бейнесін құрастыр
Сұрақтар
1. Шылым шегу кезінде адам өкпесіне түсетін газ жеңіл көліктің түтінінің құрамында болатын химиялық газбен бірдей. Ол газ қалай аталады?
2. Шылым шегушінің өкпесімен қатар 2 – ші көп зақымданатын ағза мүшесі қалай аталады?
3. Тұрмыс өрттерінің басты себептері қандай? Адам өліміне әкеп соғатын электро бұйымдар.
4. Пассивті шылым шегу дегеніміз не?
5. Жасөспірімдердің шылым шегуден бас тартуының басты 3 себебін атаңыз?
8. Қорытынды
Шылым шегудің теріс салдарға әкеп соғатын себептерін атаңыз.
1. Тіл мен ерін сілекейлі қабаттарын зақымдайды
2. Құрғақ жөтелдің болуы
3. Ауыз қуысының жағымсыз иістің шығуы
4. Ауыз қуысының инфекциясы
5. Иіс сезу қабілетінің нашарлауы
6. Бет жүзді уақытынан бұрын әжім басу
7. Тістердің сарғаюы
8. Қалыпты тыныс алудың бұзылуы
9. Түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі
Сонымен, шылым шегудің нәтижесінде адам өз көркін жоғалтып, денсаулығын бұзады.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ағзасына, темекі, шегу, зиян, Адам
Просмотров: 213 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar