Тіл - халық жанын танудың кілті - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тіл - халық жанын танудың кілті
24.09.2015, 13:02
Тақырыбы: «Тіл - халық жанын танудың кілті»
Мақсаты:
а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру;
ә) Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру;
б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер
Түрі: танымдық ойын
Әдісі: сайыс

Өту барысы
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, студенттер. Колледжімізде 22 қыркүйек Тіл мерекесі апталығы ұйымдастырылған болатын. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Тіл мерекесі құтты болсын!

2 - жүргізуші:
Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

1 - жүргізуші:
Ана тілім, дана тілім - Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.
«Тіл - халық жанын танудың кілті» атты танымдық сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші:
Сайыс кезеңдері
1 тур. Таныстыру, сәлемдесу
2 тур. Кім білгір? (Мақал - мәтел)
3 тур. Мәнерлеп оқу (тіл туралы)
4 тур. Ән (тіл, отан, туған жер)
5 тур. Қызықты грамматика (сұрақ - жауап)

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық.

1 - жүргізуші:
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Топ білгірлері шығады.
2 - жүргізуші:
Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы
Ұстаздардың қабыл болсын батасы
Қол соғып, ортамызға тарландарды
Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі - деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.

2 - жүргізуші:
1-тур. Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.
1 - жүргізуші:
2 тур. Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,
Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.

Екінші турымыздың шарты:
Мақал - мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол сөзді тауып, орыс тіліне, ағылшын тіліне аударасыздар. Шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
1. Мектеп кеме, білім ………..(теңіз, море, sea)
2. Қорада малың болын, кеше……….(талың, дерево, tree)
3. Адам көркі шүберек, ағаш көркі………….(жапырақ, лист, foliage)
4. Құлан құдыққа құласа, құлағында…………ойнайды.(құрбақа, жаба, frog)
5. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш…….. болмас.(орман, лес, forest)
6. Бабалар еккен шынарды,…………. саялар(балалары, дети, children)
7. Қыз өссе елдің көркі, ………. өссе жердің көркі.(гүл, цветок, flower)
8. Біреуге мал қайғы, біреуге…………жан қайғы.(жан, душа, soul)
9. Мақтаның анасы жер, атасы -………..(су, вода, water)
10. Ақыл,……… тілмашы - тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл!(білім, знания, )

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тіл, танудың, жанын, Халық, кілті
Просмотров: 242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar