Тіл тірегі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тіл тірегі
24.09.2015, 10:15
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тіл тірегі.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: тақырып, мақалдар жазылған плакаттар, шарлар.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Саламатсыңдар ма, балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Біздің «Тіл тірегі» атты тәрбие сағатымыз «Тіл» бағдарламасы негізінде сайыс түрінде өтеді. Мақсатымыз: Тіл туралы білімізді кеңейту, мақал – мәтелдер арқылы танымдылық қабілетімізді шыңдау, сөздік қорымызды молайту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.
Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,
Ана тілің жойылса халық болып қалмассың.

Сондықтан да, біздер, бүгінгі жастар, ана тілін біліп, құрметтеп, қастерлеуді өзімізге басты міндет етіп қоюымыз керек. Болашақта егеменді ел болып, халық болып қалу – қалмауымыз бізге, мына өсіп келе жатқан жас ұрпақ сіздерге тікелей байланысты. Осы айтылған тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйіні ретінде ақын Мұқағали Мақатаевтың:
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен, - деген өлең жолдарын ұсына отырып, сайысымыздың негізгі бөліміне көшелік.

ІІ. Негізгі бөлім.
А) Сайыскерлерді таныстыру, топқа бөлу.
Б) Әділ – қазылар алқасын таныстыру.
В) Сайыстың шарты:
- «Тіл» сөз сайысы.
- «Әдепті бала ата – анасын мақтатар» тақырыбымен әдептілік туралы мақал – мәтел сайысы.
- «Сөзден сөз құра» топтық жұмыс.
- Тіл туралы ойлар. Ақын – жазушылардың тіл туралы жазған шығармаларынан үзінді.
1. Тілім менің ерлігім де елдігім,
Кемеңгерім, шешендігім, кеңдігім.
Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім - деп сайысымыздың алғашқы кезеңі «Тіл» сөз сайысына кезек береміз.
Оқушылар бір – бірден әріптерді таңдап, сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап берулері керек. А, Ә, Б, М, Қ, Т, С, Ш.
1. Сенің атың кім?
2. Сенің фамилияң кім?
3. Сенің досыңның аты?
4. Сенің ұнататын кәсібің?
5. Сенің ұнататын сөзің?
6. Сенің сүйікті тағамың?
7. Сенің ұнататын кітабың?
Жақсы, балалар. Сіздер өздеріңіздің тапқырлықтарыңызды көрсете білдіңіздер.

2. «Мақал – сөздің мәйегі» деген. Ендеше, келесі кезекті «Әдепті бала ата – анасын мақтатар» тақырыбымен әдептілік туралы мақал – мәтел сайысына берейік. Шарты: бір – бірін қайталамауы қажет.
Құрғақ сөздің ғұмыры қысқа. Сол себепті өмірде мақал – мәтелдерді жиі
пайдаланған жөн.
3. Дәулет деген ұғыңдар,
Кеше болса, бүгін жоқ.
Тілің болса – күнің бар,
Тіл болмаса – түгің жоқ! - дегендей, оқушылардың тілін дамыту мақсатында «Сөзден сөз құра» топтық жұмысына кезек береміз.
Екі топқа «әдептілік» деген сөз беріледі. Бір сөзден бірнеше сөздер құраулары керек. Мысалы:
Әдеп Кілт Іл
Тек Тілек Әдет
Кетік Кет Кел
Кепті Келді Әдепті
Епті Тіл Тілік
Пәк Әк Ет
Ел Піл Тік
Дәке Әке Әкел
Ілік Дәл Әлек

4. Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар - дей отырып сайысты 4 сынып оқушылары жалғастырады. Тіл туралы ойлар. Ақын – жазушылардың тіл туралы жазған шығармаларынан үзінді оқу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Әділ – қазыларға сөз кезегін беру. Мадақтау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Әуездісің, әсем тілі елімнің,
Әуенісің ұлан байтақ жерімнің.
Самғай берсін шартарапқа өр үнің! - деген ізгі тілекпен бүгінгі «Тіл тірегі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош - сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тіл, тірегі
Просмотров: 210 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar