Тілашар мерекесі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тілашар мерекесі
24.09.2015, 15:06
Тілашар мерекесі

Мақсаты: мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата - ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу
Өтілу барысы:
Ұстаз: Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, өздеріңді ортаға шақырамын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 20 жылдық тойында.

Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат - іздеген мұратыма.

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

Қазақ, қазақ болғалы
Тіл үшін күрес көргені
Көргені көп тілімнің.
Тілім менің
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
«Домбырасыз ән қайда» әні
Ойым бар: бірде дауыл, бірде жалын,
Сақтайтын есті ұрпақтың, ата салтын.
Тіл мен елдің тағдырын Ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.

Мен сені сүйем елім жасырмаймын,
Асылдың сынығы, тұлпар болып тасырлаймын.
Намысты қолдан бермейтін ұлыңмын
Басымнан бір ауыз сөз асырмайтын.

Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.
Тізгінді басқаларға бермес тегін.
Бәсекеге түсетін саналы ұрпақ
Киелі жер Иесі – менмін Елім!

Дархан пейіл, ақкөңіл, бір құт елміз,
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп,
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.

Парасат пен ізгілік бойымызда,
Ата - баба өсиеті ойымызда.
Бақыт құсы самғасын көгімізде,
Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.
«Отан» әні

Армысың, мектеп - бесігім,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тілашар, мерекесі
Просмотров: 205 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar