Тілім менің - өмірімнің айғағы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тілім менің - өмірімнің айғағы
24.09.2015, 13:54
Тақырыбы: Тілім менің-өмірімнің айғағы
Мақсаты: Қазақ тілінің даналық, тәрбиелік, ұлттың ұлттығын танытатын құдіреттілігімен таныстыру. Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
а) Оқушыларды дұрыс, жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу.
ә) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, өз тілін және өзге де тілдерді құрметтеп, қастерлеуге үйрету.
б) Әрбір оқушының өз тілінде еркін сөйлеп өз пікірін, өз ойын айта білуге бейімдеу.
Өтілу барысы: Топтық сайыс.
Көрнекіліктер: Сабақтың тақырыбына байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, данышпан даналар мен ұлағатты ғалымдардан қалған жалынды сөздер жазылған плакаттар.
Мұғалім сөзі: Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. Бұл тек қазақ ұлты үшін емес, республикадағы барлық ұлттар үшін қажет. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін, өз ана тілін сүюмен өлшенбек. Ананың ақ сүтінен қуат алған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз отанына деген құрмет деп білуі керек. Ел мен елді ұғыныстыратын да тіл екені ақиқат. «Оқ жарасы бітер, тіл жарасы бітпес»- дей отырып, халық тағы да «Жақсы сөз жараны да жазады»- дейді. Қазақ тілін ғасырлар бойы ел болып жасадық, енді оны жаппай ел болып қорғау міндетті. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік тіл болып жарияланды, ол 1 шілдеден бастап Конституциялық күшіне енді.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ тілімізге байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге сүйеніп құрылды. Қазақ мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді өмірде кеңірек пайдаланған, оны терең түсініп, әрі ұғынып жастарды тәрбиелеуде барынша қолданған халық. Бұл дәстүр сонау атам заманнан пайда болып күні бүгінге дейін өз маңыз-мағынасын жоғалтпаған. Қазақ халқының сөз қадірін терең біліп, оның мағынасын жан-жақты зерделеуі адам ойының қалыптасып, дамып жетілуіне ерекше рөл атқарған. Баланы қазақ тілін білуге, сөз өнеріне тәрбиелеу осы мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердің мән-мағынасын тереңірек түсіндіруден басталады. Сондықтан да қазақ «Естіге екі сөз де жетеді»- дейді. Не деген ғажап үлгі. Бір ауыз сөзбен тамаша ойды түбегейлі жеткізе қамтып отыр. Пайымы бар, зердесі жетілген жасқа көп сөздің керегі жоқ. Сондықтан да қазіргі заманда оқытушылар мен тәрбиешілер асыл сөздің төркінін іздейді. Олар әрбір сөзін жас жеткіншектерді, кейінгі ұрпақты үлгілі, ұлағатты етіп тәрбиелеуге бағыттайды. Сондықтан да оқушылар мен тәрбиешілер әрбір сөзін түсінікті, әрі ұғымды етіп айтуға, қазақтың терең ойлы мақал-мәтелдерін пайдалануға тырысады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Топтық сайысқа баға беріп отыратын қазылар алқасымен таныстыру.
«Сөз атасы Майқы би»- деп даналардан қалған ұлағатты сөздерді пайдалана отырып, тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Түсеміз біз білімнің жарысына.
Жеңесіңдер қол соғамыз табысыңа,
Талапкердің талабы таудай болар,
Аямас тиіп кетсең намысына.
Топ басшылары өздерін таныстырады.
1-топ:
Біздің ұран: Сүйемін туған тілді, анам тілін.
Біздің ән: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.

2-топ:
Біздің ұран: Тіл бар жерде өмір бар.
Біздің ән: Ана тілін арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

1-айналым: «Зерделі болсаң, биік шыңға жетерсің». Сұрақ қойылып, пікір алысу 1-2 топ бойынша өткізіледі.
1. Ана тілі дегеніміз не?
2. Ана тілін құрметтеу дегенді қалай ұғасың?
3. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»- дегенін қалай түсінесің?
4. Орыс тілін білу қажет пе?
5. Ағылшын тілін оқыған дұрыс па?
6. Тіл туралы заңдардан не білесің?
2-айналым: Шығармашылық айналым.
Бұл айналымда екі топтан бір-бір оқушыдан шығып, берілген мәтіні бар бір екі тармақ өлең жолдарын аяқтауы тиіс. Осы кезде қалған оқушылар тіл туралы мазмұнды ойлар айтады. Оқушылардың айтқан мазмұнды ойлары:
1-топ:
1. Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі-оның бақыты, оның қуанышы.
2. Өз тіліңді білу өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу-өмірден алған ең үлкен сыйың.
3. Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың.
4. Туған тілің мақтан ету, оны таза ұстау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру-әрбір қазақ отбасының қасиетті борышы болу керек.
2-топ:
1. Халықтық қуаты – тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
2. Сөйлеу білу – үлкен өнер. Әсем сөйлеуге, көп тыңдап, көп оқып, мақал – мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы өз ойымызды еркін жеткізе аламыз.
1-топ:
1. Ана тілім – ар тілім,
Жанардағы жарқылым.
Жүрегінде сақталған,
Ән-жыры бұл халқымның.
2. Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
Ана тілдің бағасы,
Қымбат екен алтыннан.

2-топ:
1. Құндағында бесіктің,
Ана тілін үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат болып өсіппін.
2. Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін.

4-айналым: Мақал-мәтелдер жарысы.
Екі топ кезектесіп айтады.
1. Өнер алды-қызыл тіл.
2. Орақ ауыз, от тілді.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Тіл тиексіз.
6. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

5-айналым: Қорытынды-түйін.
Міне, балалар бүгінгі таңда Қазақстан өз алдында тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің тіліміз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді елміз. Сендер Отанымыздың келешек ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті, өз тілін жетік меңгерген, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды ақын ағамыз Махмет Темірұлының «Тілімнің ұшырарсың киесіне»- атты жыр-шумағымен аяқтаймыз.
Қажып қалған қаужырап қайран тілім,
Айта алмайды өзінің зарлы мұңын.
Жетім өскен баладай жаутаңдады,
Қатарға енбей әлі де жүр ғой бүгін.

Ана тілін кейбірулер біліп жүр ме,
Қазақша айтсаң құлаққа іліп жүр ме.
Басқа тілде сөйлесіп мәз болады,
Мазақ етіп өз тілін күліп жүр де.

Қалғанымен сәл уақыт бағы тайып,
Бас көтерер ертең-ақ қанат жайып.
Көзі ашылмай бықсыған оттай болса,
Жарқыратып сәулесін лаулатайық.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: айғағы, менің, өмірімнің, тілім
Просмотров: 180 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar