Тілім менің тірлігімнің айғағы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тілім менің тірлігімнің айғағы
24.09.2015, 10:18
Мақсаты: Егеменді еліміздің рухын асқақтататын ұлттық тіл, ұлттық қадір - қасиет екендігін білдіру;

Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын - жазушылардың суреттері.
Кіріспе. Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. тіл арқылы адамдар бір - бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз. тіл адам жанының тілмашы. тілі кем болса, адамның қор болғаны…» деген сөзі дәлел деуге болады. сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді.

Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. біздің ана тіліміз – қазақ тілі. біздің отанымыз – Қазақстан. Қазақстан республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. сонымен қатар өз тілі бар. тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан республикасының тіл туралы заңы қабылданды. ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. оның 4 - ші бабында қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген. біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе? міне, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз қандай тақырып екен?
Жаңа сабақ: «22 - қыркүйек тілдер мерекесі»

Ең бірінші, викториналық сұрақтар: ауызша сұрақтарға жауап берейік.
а) Грамматикамен жұмыс: Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин).
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
9. «Орфография» қандай мағына?.
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
11. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
12. Абайдың туған жылы? (1845).
13. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
14. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
15. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
16. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т. б.).
17. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
18. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
19. Орфоэпия деген не?
20. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.).

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: айғағы, менің, тірлігімнің, тілім
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar