Тілім менің – тірлігімнің айғағы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тілім менің – тірлігімнің айғағы
24.09.2015, 13:35
Сабақтың тақырыбы: Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету
2. Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой - белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
3. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, ақпараттық техникалар

І. Ұйымдастыру
Мұғалім: Біздің Отанымыз байтақ та, бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Бүгінгі «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатымызды бастамас бұрын мына видеороликке назар аударайық.

Видеоролик (Тіл - ұлттың басты негізі)
1 - жүргізуші: Қазақ даласы, қазақ жері, қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші....
2 - жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
1 - жүргізуші: Тіл - ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген сөзді жадымыздан шығармайық.
2 - жүргізуші: Тіл халық тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күні «Ел тағдыры - тіл тағдыры» деген сөздің мәнін терең пайымдасақ, мемлекетімізге тәңір сыйлаған тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен сезіндік.
2 - жүргізуші: Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңның» тарихына назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып, мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)
1 - оқушы: 1989 жыл 22 - қыркүйек. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді.
2 - оқушы: 1993 жыл 28 - қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданып, онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» болып бекітілді.
3 - оқушы: 1995 жыл 30 - тамыз. Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7 - бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі»,- делінген.
4 - оқушы: 1997 жыл 11 - шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентке қайтадан талқыланып, ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі,- деген. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады. (Оқушылар заңның әр тарау, бабын жатқа кезекпен айтады)
3 - бап: Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4 - бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
5 - бап: Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
6 - бап: Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолданылуына, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.
7 - бап: Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс - әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
13 - бап: Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: айғағы, менің, тірлігімнің, тілім
Просмотров: 230 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
avatar