Тілімде менің сыры терең жаным бар... - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тілімде менің сыры терең жаным бар...
24.09.2015, 09:33
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған
«Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты шығармашылық байқау /сценарий/

Байқаудың мақсаты:
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейі мен шығармашылық білігін анықтау;
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің қоғамдық мәртебесі мен беделін көтеру.
Барысы:
Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам соған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мұқатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,
Армысыздар, өлең сүйер, өнер сүйер қонақтар, қадірлі ұстаздар! Бүгінгі ақиық ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауына қош келдіңіздер!
Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық - шынымен бақытты халық.
Бүгінгі байқауға баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
----------------------------
Жүргізуші:
Дара туған, дана туған ақиық ақын Мұқағали ағамызға арналған «Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты байқауды жүргізу ретімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Командалардың таныстыру тұсаукесері
2. «Мен тауда туған мұзбалақпын»(Мұқағали туындыларынан өлеңді мәнерлеп оқу)
3. «Дариға жүрек» (Ақын шығармалары бойынша сахналық көрініс)
4. «Есіңе мені алғайсың»(Мұқағали өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерін орындау)
5. «Жыр сапарың тоқтамайды мәңгілік,
Жатады ол жүректерде жаңғырып!»(Ақынға арнау өлеңдері)
6. Ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты тест тапсырмасын орындау (40 сұрақ)

1. Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата - баба дәстүрінен ап үлгі,
Ұшан - теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы,- дей келе, командалардың таныстыру кезеңіне берейік

2. Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу кезеңіне берейік.
3. «Дариға жүрек»(Ақын шығармалары бойынша сахналық көрініс)

4. Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын,
Тіршілік жер көктегі.
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағали өлеңдерінің сөзіне жазылған әндеріне кезек берейік.

5. Артық едің аға, сен асылдардан,
Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған.
Астыңа ат мінгізе алмасам да,
Өлеңіммен жасай алам бір той саған.
Кезекті бүгінгі Мұқағалиға арнаған жыр шумақтарына береміз.
6. Ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты тест тапсырмасын орындау.

Жүргізуші:
Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы
Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.
Бүгінгі байқауымыз өз мәресіне жетіп қалды. Байқау қорытындысын жариялау
үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік...

Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Тілімде менің сыры терең жаным бар...» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауы аяқталды.
Қош сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тілімде, менің, терең, бар..., жаным, сыры
Просмотров: 187 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar