«Толағай» спорттық жарысы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Толағай» спорттық жарысы
24.09.2015, 09:24
Класс: 3
Өтілетін орны: Спорт зал
Тақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы.
Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Түрі: жарыс
Көрнекілігі: жіп, доп, сыпырғыш
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе сөз.
3.Спорттық жарыс.
4.Қорытынды.

II .Мұғалім сөзі: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай өтілгелі отырған «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.

Қарсы алыңыздар.
«Тұлпар» тобы.
Топ басшысы: Утебаев Б.
Мүшелері: 1.Шамшадинов М.
2.Данабайқызы Жанна.
3.Қанатов О.
4.Сергеева К.
5.Алғабеков Қ.
Топ ұстанымы: Жүзден жүйрік танылады сайыста,
Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай.
«Жас қыран» тобы.
Топ басшысы. Аманжолова А.
Мүшелері: 1.Садақбаев Т.
2.Қамысбай Б.
3.Кеңесов И.
4.Аймырзаева Ә.
5.Абзалова А.
Топ ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.
«Барыс» тобы.
Топ басшысы:Карифулллаев Т.
Мүшелері: 1.Тулешбаева А.
2.Бостанұлы М.
3.Кәдірбек Қ.
4.Абдиканиева А.
5.Қалдыбек А.
Топ ұстанымы: Мақсаты бірдің – рухы бір

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.
Оқу ісінің меңгерушісі: Сержанова Б.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Алтыруов Қ.
Бастауыш сынып мұғалімі. Қалпиева М.

Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
III. Сайыстың бағдарламасы.
1 «Кенгуру»
2. «Секірмек»
3. «Фут баскет»
4. «Сенбілік»
Сонымен бірінші ойынымыз
1. «Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.
2. «Секірмек». Қатысушы топтар скакалкамен жүгіреді.
3. Фут. баскет. Бірінші ойыншы допты қолымен айдап әкеліп, екінші ойыншыға береді. Ал, екінші ойыншы допты аяғымен кезек-кезек айдап әкеледі. Үшінші және төртінші ойыншы допты қолмен айдап, алтыншы ойыншы аяқпен орындайды.
4. «Сенбілік» Шеңбер ішіндегі сыпырғыш бөліктерін бес ойыншы бір-бірлеп әкеліп алтыншы ойыншыға береді. Ал, алтыншы ойыншы сыпырғыштың бес бөлігін ала жүгіріп доптарды сыпырғышпен кері сыпырып әкету керек.
Өнерге биік сенеміз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
3 «Г» сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.

IV.Марапаттау.
V. Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз.
Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: «Толағай», жарысы, спорттық
Просмотров: 183 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar