Туған күн сценарий - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Туған күн сценарий
24.09.2015, 12:01
Бүгін бізде мереке. (Туған күнді атап өту)
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі өз сыныбымыздағы сыныптастарымыздың туған күндерін мерекелемекшіміз.

Жүргізуші: Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.
Жүргізуші: Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау гүлдін.
Айтыңдаршы, балалар,
Туған күні кімдердің?
Оқушылар: Алия, Карима, Сабина, Камила, Альдина, Айсұлтан, Аян, Жания, Азиза, Арайлым, Эльнура деп хормен айтады. Аты аталған оқушылар орындарынан тұрып сыйлаған гүлді алып өздеріне жеке жасап қойған орынға келіп отырады..

1 - оқушы: Ай секілді өзі де,
Сыңғыр - сыңғыр сөзі де.
Айтарымыз Алия қыз,
Еркесі ғой үйінің.
2 - оқушы: Билейді кейде айнала,
Көркіне ақылы сай ғана.
Карима біздің әдемі,
Сөйлейді өзі жай ғана.
3 - оқушы: Өзі сондай сүйкімді,
Бары жоғы байқалмас.
Арамызда Сабина,
Өзі баяу қыз тіпті.
4 - оқушы: Үндемей жүріп үлгеріп,
Бәрімізге жағатын.
Камила сондай ақылды,
Айтқызбай бәрін істейді.
5 - оқушы: Сабағын баяу оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Альдина,
Нені ойлап толқиды.
6 - оқушы: Айсұлтан сондай ақылды,
Сабаққа да әр кезде.
Салмақтылық танытып,
Өте жақсы қарайды.
7 - оқушы: Көп ұлдардың ішінде,
Ширақ әрі шапшаңы,
Әйтеуір Аян жүреді,
Бәрінеде үлгеріп.
8 - оқушы: Енді біздің Жанияның,
Басына келер бақ не бір.
Аузын ашса көмейі,
Көрініп тұрған ақкөңіл.
9 – оқушы; Өзі сондай сүйкімді
Бары жоғы байқалмас.
Арамызда Азиза,
Өзі баяу қыз тіпті.
10 – оқушы; Арайлым сондай ақылды,
Сабаққа да әр кезде.
Салмақтылық танытып,
Өте жақсы қарайды.
11 – оқушы; Үндемей жүріп үлгеріп,
Бәрімізге жағатын,
Эльнура сондай ақылды,
Айтқызбай бәрін істейді.
жүргізуші: Балалар сендер бүгін туған күндерін. Неше жасқа толдындар?
Ендеше 8 рет аяқтарымен топырлатыңдар, қолдарымен 8 рет шапалақтаңдар.
жүргізуші: Бүгін 11 баланың туған күндері қонаққа келген балалар өз тілектеріңді мына плакатқа жазыңдар. Плакатты ілеміз бәріміз оқимыз. Енді барлығымыз бірге ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! деп айтамыз.
Залға мыстан кемпір кіреді.
Мыстан: Мұнда балалардың туған күндері өтіп жатыр дейді, ал сендер мені неге шақырмадыңдар? Менде торт жегім келеді. Мені ешкім шақырмайды ал мен өзгердім ғой. Сендер мен сияқты мыстан болғыларың келе ме?
Ендеше келген қонақтар той иелерінің беттерін бояйды.

Жүргізуші: Ал балалар сендер нағыз мыстан болу үшін екі топқа бөлініп мыстан деген сөзді түймелер және сіріңке арқылы жазыңдар. 1, 2, 3 баста.
Мыстан: Балалар сендермен « Кім шапшаң» ойын ойнағым келіп тұр.
Ойынның шарты ыдыста су ішінде жүзім екі аяқтың ортасына сыпырғышпен жүгіріп келіп қолсыз жүзімді жеп қою.

Жүргізуші: Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып ән шырқаймын
Биде билеп береміз
Сынып болып «Жорға» биін билеу.
Мыстан; сендер шарикпен ойнағанды ұнатасыңдар ма ендеше ойнайық
Екі топқа бөлініп 1) шарикты тегенеге лақтыру 2 ) шарикты бір саусақпен ұстау керек.
1, 2, 3 баста.
Мыстан: Келесі ойын біріңғай ұлдар екі топқа бөлініп бір жіп пен бір прищепканы жіпке іледі. 1, 2, 3 баста.
Залға күлдіргі кіреді.

Күлдіргі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Туған күндерін құтты болсын! А сендер мұнда екенсіңдер ғой. Балалар мыстан сендерді ренжітті ме? Жарайсың мыстан
Енді менен сыйлықтарыңды алғыларын келсе, мына тапсырманы орындаңдар. (Киндер сюрприз ішінде әр балаға тапсырма)
Күлдіргі: Тамаша! Ендеше сендерге тағы бір тапсырма мен саңдықтың ішіне сыйлықтарыңды салып сол саңдықты тығып қойдым. Саңдықты тауып алыңдар.
Күлдіргі: Сыйлықтарын ұнады ма?
Жүргізуші: Жайнасын өмірлерің әр күн сайын
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың,
Келешек өміріңе бақыт тілеп
Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймын!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Күн, сценарий, Туған
Просмотров: 209 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar