Туған өлке – тұнған шежіре - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Туған өлке – тұнған шежіре
24.09.2015, 14:21
Тақырыбы: Туған өлке – тұнған шежіре
Мақсаты: Оқушыларда туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Кіріспе (мұғалім сөзі)
«Отан» деген ұғым, біздер үшін айқын ақиқат, Отан - өзің туған қала, өзің өскен ауыл, өзің оқыған мектеп, қысқасы өзіңді өмір азаматы етіп қалыптастыруға әсер жасаған орта. Ендеше, солар жайлы білу ауа мен судай қажет нәрсе – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай менің бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатым осы аталы сөздердің желісімен өрбиді. Туған жеріміз, туған Отанымыз Қазақстан болса, кіндік қаны тамған туған өлкеміз киелі Маңғыстау өлкесі.
Енді, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші:
Маңғыстау бұл келе жатқан ежелден.
Маңғыстау бұл шөлдеп ерні кезерген,
Төбе - төбе бастарыңда обадан,
Көне тарих қырғындарын сезем мен.

2 – жүргізуші: Бабаларым, ат ойнатып өскен жер.
Тұлпарларым толарсақтан су кешкен жер
Ақ шаһардай ақтауларды үңгіп жеп
Көкірегіңнен аңқылдап бір өскен жел.
«Маңғыстау сонадайдан тозаңытқан, жүрегін талай ердің қобалжытқан» деп бұрынғылар толғаған қасиетті мекен, бұл! Өткеннен өшпес із қалған тарихы тамыр - тіндері тым терең, әрігеректе жатқан «жеті жұрт келіп» жеті жұрт кеткен жапан тұз деуге жараспас, жалы биік, атышулы аймақ.

1 – жүргізуші: Небір тарих жатыр – ау,
Сынып мұрты кертіліп,
Жеті жұрт кеп, япыр – ау.
Кеткен дейді жеті жұрт.
Тұлғасында тұнған әр,
Сұрақ қоям шыңдарға.

Мына қорым кім болар,
Сақтар әлде,
Оғыздар ма,
Ғұндар ма?
деп ақындарымыз жырлағандай, берекелі Бейнеу өңірінен, Шығыс пен Батыстың алтын көпіріндей болған «Ұлы Жібек жолының» сүрлеулерінің бір тіні осы өлкені басып өткен.

2 – жүргізуші: Қойнауы байлық қоныс, қасиетті жерге кімдер келіп, кімдер өткен жоқ, кімдер мекен еткен жоқ.
Қойыныңа жасырған
Құпияң мол неткен бұл,
Жыр оқитын тасыңнан,
Қына басқан көктеңбіл.

Өткен өмір айқаста,
Істеп кеткен дегенін
Қойтаста да, ай таста,
Таңбасы тұр жебенің.

Мәңгілік боп ұраны,
Жоғалмайды нұр – әрі
Мавзолейлер, мазарлар
Айдалада тұр әлі.

Ендігі кезекті оқушыларға береміз.

1 оқушы:
Бұл өлкеде әр шаңырақ, қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де, алдымен Бекеттің атын ауызға алған. Өйткені, ол тірісінде елінің жел жақтағы Панасы, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы. Әлсізге медет, Күштіге Айбат, Зарыққанға Жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел иесі Жер киесі Пір ата Бекеттің отаны.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: шежіре, өлке, тұнған, Туған
Просмотров: 302 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar