Туған тілім - тірлігімнің айғағы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Туған тілім - тірлігімнің айғағы
24.09.2015, 10:12
Туған тілім - тірлігімнің айғағы

Мақсаты: Оқушылардың ана тілін білудің маңызы жайлы айту, ана тілін құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы өлең, мақал – мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Ана тілін сүюге, ардақтауға үйрету.

«Туған тілім - тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сөз ойдағы» - демекші, әр адам баласы өз туған тілін құрметтеп, сыйлау керек. Өз тіліңді біле тұрып, өзге тілде сөйлегеннен асқан бақытсыздық жоқ. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспақ емес. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік
2 – жүргізуші: Жетпіс жылдан астам орыстану бағытының ықпалымен жүрген Қазақстанда қолданыс тілі, іс қағаздар тілі – орыс тілі болды. Осы кемшіліктің тұстардың орнын толтыруды басты назарға ұстаған орталықтың негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді меңгеруге көмектесу.

1 – жүргізуші:
Адам қанша болғанменен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғалымды.
Өзге ананың, мазмұнына, мерейіне тор құрар
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
Нарық ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқында.
2 – Жүргізуші:
Туған тілім бабам тілі өз тілім,
Туған тілім анам тілі өз тілім.
Туған тілім далам тілі өз тілім,
Туған тілім адам тілі өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде намысыммен қаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
Ендігі кезекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңның» тарихына назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып, мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: айғағы, тірлігімнің, тілім, Туған
Просмотров: 195 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar