Туған жер тұғырың (ойын) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Туған жер тұғырың (ойын)
24.09.2015, 15:13
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білу, тарихи шежірелер мәдениетінің ұлттық рухани танымдық, қасиеті киелі асыл мұралардың қазынасын жас ұрпақтың сана - сезіміне сіңіру.
Көрнекілігі: “Атажұрт ” плакат, Өткел, Белес Бекет, Асу, Жерұйық бейнелері жазылған таспа.

- Армысыздар, қадірменді қонақтар, оқушылар!
«Атажұрт» ойынына келіңіздер,
Ықылас қып көппен бірге еніңіздер.
Біздерді жақсы танып, білмек үшін,
Оқушылардың білімдерін көріңіздер.
Көлде жүрген қоңыр қаз, Ауылдағы жамандар
Қыр қадірін кім білсін Ел қадірін не білсін
Қырда жүрген дуадақ Көшіп - қонып көрмеген
Су қадірін не білсін. Жұрт қадірін не білсін - деп Асан қайғы бабамыздың осы айтқан дана сөзін пір тұта отырып, ойынымызды бастаймыз.
Ойынға 8 - сынып оқушыларынан екі топ қатысады
«Ақмешіт» «Қорқыт».
1. Алпамысова Жадыра 1. Әмірбекова Айнұр
2. Аяпова Әсель 2. Жұмабекова Гүлжайна
3. Құндыбекова Меруерт 3. Нұрабаева Әсель

I. Бөлім “Өзін өзі таныстыру” екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.
II. Бөлім 1 - Тур: “Өткел” Топ басшылары 5 сұраққа жауап береді. 1Сұрақ - 4000 ұпай.

I - топ “Ақмешіт” тобы бастайды.
1. Зеңгі баба қай малдың атасы? (Сиыр)
2. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
3. Ұя салмайтын құс (Көкек)
4. Жамбылдың ұстазы кім? (Сүйінбай)
5. Ақмешіт қай қала? (Қызылорда)

II - топ “ Қорқыт” тобының топ басшысына сұрақ
1. Жылқы атасы кім? (Қамбар ата)
2. Асан Қайғы қандай жерді іздеді? (Жерұйық)
3. Қашқарияға саяхат жасаған кім? (Ш. Уалиханов)
4. Елімізде 1986 жылы қандай елеулі оқиға болды? (Желтоқсан)
5. Қазақтың қадір тұтар жері (Түркістан)
2 - тур Белес. Әрбір дұрыс жауап 5 мың ұпай ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады. Егер дұрыс жауап бермесе, сондай - ақ келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді..
1 Жеңген команда бастайды.

I - топ сұрақтар. Қазақ мемлекетіне шексіз үлес қосқан атақты қолбасшы және мемлекет қайраткері 1693 - 1748ж өмір сүреді. Кіші жүздің атынан орыс патшасымен бірігуге келісім жүргізеді.
Сұрақ: Ол кім.?
Көмек: Кіші жүздің ханы.
Дұрыс жауабы: Әбілхайыр
2 - сұрақ; Қазақтардың патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қанша жылға созылды және қай аймақтарды қамтыды?
Дұрыс жауап: (1837 - 1847) жылдар бүкіл Қазақстан қамтыды
II – топ 1. Сұрақ; Абылайдың қазақ тарихындағы алатын маңызы қандай? Оның аса көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, жауынгер және ел басқарушы ретінде сипаттайтын қандай фольклорлық шығармаларды білесіңдер?
2. Сұрақ; Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісінің тарихи маңызы неде болды?

III - Бөлім. Бекет. Команда жанашырларына сұрақ екі рет жауап беруге болады.
1 - топқа. 1 - сұрақ; Қазақтың тұңғыш Академигі геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым. Қ. И. Сатпаев қай жерде дүниеге келген.
Дұрыс жауабы: (Павлодар облысы Баянауыл ауданы)
2 - сұрақ; X ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастайды. Сайрам, Отырар, Түркістан, тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым - білімге кең жол ашылады. Әдеби және ғылыми шығармаларға өздерінің үлестерін қоса білген шығыстың қандай көрнекті ғұлама ғалымдары жайлы білесіңдер?
2 - топ. 1 - сұрақ; Арыс өзеніне Сырдарияның құяр сағасына таяу орналасқан қала. 19 - ғ. ортасынан бастап Фараб деген атпен Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болады.
Бұл қандай қала.
Дұрыс жауабы: (Отырар)
2 - сұрақ: Алтын Орданы құрушы моғол ханы кім және қай жылдар аралығында билік етті, және оны мұсылман деректерінде қандай адам болды деп жариялады?

IV Бөлім “Асу ” Асық ойнаған азар. Доп ойнаған тозар, бәрінен де мал бағып білім қуған озар.
Тақтада 10 терезе. Сыр өңіріне байланысты сұрақтар;
1 - ұяшық; Қорқыт ата туралы ақпараттар айтсаңыз?
2 - ұяшық; Суреттегі ескерткіш кімге қойылған? Ол туралы не айтар едіңіз?
3 - ұяшық; Тарихи тұлға туралы не айтар едіңіз, оның Сыр еліне қатысы қандай?
4 - ұяшық; Суреттегі тұлға қай өңірдің тумасы және қандай жалған айыппен тұтқындалған
еді?
5 - ұяшық; Суреттегі жылы жүзді жазушы шығармашылығы туралы айтсаңыз?
6 - ұяшық; Роза Бағланова қай өңірдің тумасы және қандай әндерін білесіңдер?
7 - ұяшық; Сыр өңіріндегі күрішке бай аумақтарды атандар?
8 - ұяшық; Қармақшы ауданында қандай күріш өндіретін кәсіпорын бар?
9 - ұяшық; Мадина Ералиева қай елдің тумасы және оның қандай әндерін білесіңдер?
10 - ұяшық; Тарихи тұлға туралы айтсаңыз?

V. “Жерұйық”
Сұрақ: Қазақ - Жоңғар шабуылы кезінде, (1723 - 1727) жылдары қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихта ірі шайқас болып өтті, осы кезеңде ауыр қайғы - қасіреттің символы ретінде «Елім - ай» атты зарлы жыр халық арасында туындады. Оның мәтіні мен әуенің ақын, әрі жауынгер қандай жырау шығарған деп те айтылады? Және осы жырдан бір шумағы жатқа айтылсын.

VI. Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
VII. Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (ойын), тұғырың, Жер, Туған
Просмотров: 176 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar