Туған жерге арнау - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Туған жерге арнау
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 09:47
Ашық сабақ 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған жерге арнау.
Сабақтың мақсаты: Өзіміз өмір сүріп отырған өлке, туған жер тарихын біліп, түсініп, оған қандай құрмет көрсетіп жүрміз, туған жерге арналған әндер мен өлеңдердің мағынасын түсініп, ойға түйіп, түсінікті жинақтауға үйрету.
Сабақтың дамытушылығы: Алдағы уақытта өлке тарихын біліп, кез - келген ортада қолдана білуге үйрету.
Сабақтың ғылымилығы: Туған өлке тарихы ғылымда зерттелетінін, ары қарай алып жүру осы оқушылар арқасында жүзеге асатынын түсініп жүруге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, т. б материалдар.
Сабақтың түрі: Телехабар ретінде жүреді.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу, дүниетану, өзін - өзі тану, география
Қолданылатын құралдар: Мини диск, домбыра, ауыл картасы, кеппешөптер, тарихи жәдігерлер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға сабақтың бағдарлама ретінде жүретінін, арнайы бөлінген уақыт бойынша бағдарламаны дұрыс түсініп отыруымыз керек екендігін түсіндіру. Бағдарламаның жүргізушісі мен Гаухар Жүсіпқызы сабағымызды бастайық.
Жер жаһанға мәлім аты,
Алыс кетсем сағынатын.
Айналайын, атамекен,
Жүрегімнен табылатын.
Ән жоқ шығар арналмаған,
Жан жоқ шығар толғанбаған.
Айналайын туған елім,
Бақыт болып қонған маған.

Тарихқа шолу.
Ауылымыздың тарихы ертеден басталады. Кеңес үкіметі кезінде 3, 4т үй болып отырған адамдарды Шөмішкөл көлінің жағалауына орналастырған. 1926 - 28 жылдары ауылымыз көлден балық аулап, тамағын айырады, кейін «Шөмішкөл» колхозы болады, ауылымызды «арданалар» ауылы деп атайды.
Шөмішкөл табиғаты тамаша екі көлдің ортасында орналасқан, «Шөмішкөл» мен «Қазанкөлді» өзек жалғастырып жатыр. Ол бейне бір шөміштің сабы секілді. Көлдердің « Шөміш» және «Қазан» атауы табиғаттың осы бір сырына байланысты болса керек. Суы мөлдір, 1970 жылға дейін суы тұщы болған дейді үлкендер.
Ауыл картасымен жұмыс. Ауыл қариясы Сатыбаев Қобылан ағадан алған мәліметтермен таныстыру.
Ауыл маңында өсетін табиғи шөптер, олардың қасиетіне тоқталу.
Олай болса туған жеріміз Шөмішкөлге арналған өлең шумақтарына кезек берейік.

Оңталап Нұрмаханов. Шөмішкөлге.

Кешқұрым қоюланып, қан қалаштан,
Игілік иектеген жарманы ашқан.
«Қонжардың» тобесінен қарасаңыз,
Бір ауыл көл бетінде орналасқан.
Тынысын тіршіліктің тыңдап бабам,
«Күлшыққан» тарихынан тіл қатпаған.
Әлди әнін айтады қайық тербеп,
Екі көл, бір ауылды құндақтаған.

Бақытын бейнетімен бүтіндеген,
Қос көлдің түбегінде түтіндеген.
Шөмішкөл, Қазанкөлге қайық салған,
Жүз үйден қанағаттың құтын көрем.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Арнау, жерге, Туған
Просмотров: 166 | Загрузок: 79 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar