Туберкулез (тренинг) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Туберкулез (тренинг)
24.09.2015, 12:03
Тренинг тақырыбы: «Туберкулез»
Мақсаты: туберкулездің алдын алудағы құзіреттілікті жоғарылату
Міндеттері: 1. Туберкулез ауруы туралы түсінікті кеңейту
2. Өз денсаулығына деген саналы қатыстың қалыптасуына әсер ету
3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу Құрал - жабдықтар: дәптер, мультимедиялық көрме.
Кіріспе.
Тренинг барысы
«Маркетинг…» Әртүрлі зат салынған пакет беріледі. Қатысушылар тақтаға шығып, пакеттен ішіндегі затты қарамастан зат алады. Алынған заттың денсаулыққа пайдасы туралы айтылып, басқаларға сатуды ұйымдастырады. Жақсы жасалған жарнама ескеріледі.
Ақпараттық блок
Көрмені көрсету
Баяндау
Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8 - 10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен. 3 наурыз – халықаралық туберкулездің алдын алу күні.

Бекіту блогы.
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибадатты сөздер адам баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, дертке амалсыз көніп, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді. Иә, мақал - мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген асыл сөзі, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де. Карточкалар үлестіріледі. (Мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған). Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.

1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген.

2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі,
Еріккеннің ермегі.

4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.

5. Жалқаулықтың жан күтімі.
Екі қолды ұстайды.
Темекінің көк түтіні,
Екі өкпені ыстайды.

6. Ішпеген, шылым тартпаған,
Денсаулығын сақтаған.

7. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.

8. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

9. Адам арақты ішеді,
Арақ ақылды ішеді.

10. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр

Қорытынды.
Үй тапсырмасы: Туберкулез тақырыбына суреттер салу, денсаулық туралы нақыл сөздер жазып келу.
«Менің денсаулығым – менің байлығым» тақырыбына әңгіме жазу.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: туберкулез, (Тренинг)
Просмотров: 199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar