Құтыру - қауіпті дерт - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Құтыру - қауіпті дерт
24.09.2015, 09:12
Құтыру - адамның ми жасушаларын қатты зақымдайтын жыртқыштар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болатын вирустық зоонозды жұқпа.

Бұл дерт көз жұмуға әкеп соғатын жүйке жүйесінің тозу белгілері: қозушылық, агрессиялық, ой қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Алғашқы құтыру ауруын Авл Корнелий Цельс сипаттаған(біздің дәуірге дейінгі I - ғасыр), ол оны судан үрей деп атаған. Құтыру ауруы адамдарға көбінесе, үй хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан (сирек кездеседі), сондай - ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. 1885 жылы Луи Пастер адамды аурудан сақтайтын антирабиялық вакцина ойлап тапқан.

Аурудың қоздырғышы вирус болып табылады, ал жұқпа көзі және жұқпа қоры – жұқтырылған мал. Вирус ауру басталғанша дейін 8 - 10 күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді. Вирус қаңғыма иттерде айналып, мысықтар мен ауыл шаруашылық малдарында таралады. Таралу механизмі – қарым - қатынас арқылы, адам әдеттегідей мал қапқан кезде, құтыру ауруымен ауыратын науқастардың сілекейінен таралады. Аэрогенді таралу жолы да ықтимал (жарғанаттар мекендейтін үңгірлерде, зертхана ішіндегі жұқтыру), тамақтан және трансмиссивтік – жәндіктердің шағуы арқылы. Дәрігерлерге кеш қаралу, егу тәртібінің бұзылуы, егулердің аяқталмау салдарынан құтыру ауруы белең алады.

Клиникалық түрде 3 кезең белгіленеді: бастапқы (депрессиялық), қозушылық және сал аурулар кезеңі. Ауру алдындағы белгілер бұрыннан жазылған жара орны солқылдап аурады және күйдіріп ашиды, шаққан жер қызарып, іседі. Дене қызуы орташа немесе субфебрильді.

Науқас мұңайып, іштей түңіледі, кейде ашуланшақтық, тамақ ішпеуі, әлсіздік, бас ауруы мен нашар ұйқы мазасыздандырады. Науқастарда кеудесі қысқаны байқалады. Қозушылық кезеңі дене қызуы - 37 ºС, жалпы қозушылық, судан үреймен сипатталады.

Алдын алу шаралары - алдын алу егулер, қаңғыма және құтырма иттерді жою, үй жануарларын дұрыс ұстау ережелерін сақтау ҚР және басқа елдерде үй жануарларының тасымалдануын бақылау арқылы мал арасында жүйелі түрдегі жоспарлы күрес.
Елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау, тіркеу және есепке алу тәртібін жергілікті әкімшілік белгілейді.

Белгілі кәсіптегі тұлғалар арасында (ит аулаушылар, ветеринарлық зертхана қызметкерлері, аңшылар) құтыру ауруының жұқтырылуына жол бермеу үшін алдын алу егу курсын жүргізеді. Мал тістеген немесе тырнағанға ұшыраған науқастарды дереу травматологиялық бөлімшеге, ал ол болмаған жағдайда егу тағайындап, жасау үшін хирургия бөлімшесіне жібереді. Құтыруға қарсы жүргізілетін вакцинация курсы ит қапқаннан кейін 14 күнін кешіктірмей бастағанда ғана тиімді.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дерт, қауіпті, Құтыру
Просмотров: 294 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar