Қуаныш - жан шуағы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қуаныш - жан шуағы
24.09.2015, 14:56
4 сынып. Өзін - өзі тану сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Қуаныш - жан шуағы» С. А. Назарбаеваның туған күініне арналады.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру
- өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту
- мейірімділікке тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: оқулық, күннің шуақтары (қолдан жасалған), жүрекше, үнтаспа.
Шаттық шеңбері: Әйгерім Қалаубаеваның «Көңілді күн» әнін балалар үнтаспаға қосылып бірге орындайды.

Әңгімелесу
- Бұл өлеңде не туралы айтылып тұр?
- Қуаныш дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендер үшін туған күн өткізу қуанышты күн болып саналады ма?
- Ой, тамаша! Қуанышты сезіммен бірге айтқан ән адамның көңіл - күйін көтереді. Бүгінгі сабақта қуаныш сезімі, оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесеміз.

Бүгінде балаларға қуаныш сыйлап жүрген адамның бірі - Сара Алпысқызы Назарбаева. Ол – балажан адам. Бала үшін қолындағы қаражатын, бойындағы қажырын сарп етуге бар. Жақсылық жасағанды қалайды, сәбидің риясыз күлкісін сүйеді. Осы бір аналық махаббат ол кісіні қайырымдылыққа итермеледі. Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н. Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар. Аурудың мұңын, жетімнің зарын тыңдайтын, құқығын қорғайтын «Бөбек» қорының негізін қалады. Панасыз балдырғандарды бауырына басты, талай дімкәс нәрестені шетелге дейін жіберіп емдетті. Балалар үйлеріне қамқорлық көрсетті. Тіпті түрмелерді аралап, бесіктен белі шықпай жатып, қылмыскер атанған жеткіншектермен кездесіп, аналық ақылын айтты.
Слайд көрсету

Мәтінмен жұмыс
«Балалардың көз қуанышы» мәтінін оқу.
Балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қою.
- Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?
- Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін?
- Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?
Балалардың жауаптарын түйіндеу
- Балалар, дұрыс айтасыңдар. Бала жылап тұрғандықтан, айналасындағы табиғат сұлулығына көңіл аударған жоқ. Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан - жағы, айналасының бәрі әсемде әдемі болып көрінді. Барлық адамдар, табиғат, айнала бәрі - бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді. Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты! Біз де көңілді, қуанышты, күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.
Ойын - жаттығу «Көршіңе қуаныш сыйла»
Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндер (гүлдің, жүрекшенің, көбелектің) үлгісі таратылып беріледі. Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартады.

Өлеңмен жұмыс
Оқушылардың адамдармен жағымды қарым - қатынастарын дамыту мақсатында төменде ұсынылған өлең мәтіні арқылы әңгімелеу жүргізіледі.
Өлеңді балалар мәнерлеп оқиды.
Балалардың пікірлері ұсынылған сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.
- Адамды, айналаңды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

Сергіту сәті.(интерактивті тақтада бейне көріністен биді қайталап билеу)
Дәйексөз
«Қуаныш - өмір шаттығы» балалардан сұралады, жауап алынады.
- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса, жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті халық даналығында «Қуаныш - өмір шаттығы» деп айтқан болатын.

Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар.

Қорытындылау
- Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау - асыл қасиет.
Жүректен - жүрекке
Балалар жұптасып дөңгеленіп тұрады. Бәрі қол ұстасады, қолдарын жоғары көтеріп, күннің шуағын құрайды. Бәрі қосылып мына өлең жолдарын айтады:
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қуаныш, шуағы, жан
Просмотров: 241 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar