XXI ғасыр көшбасшы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

XXI ғасыр көшбасшы
24.09.2015, 14:19
Сабақ тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшы»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
2. Жас ұрпақтың ұлттық сана – сезімін, қоғамдық саяси ой - өрісін дамыту.
3. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңдіру.
Сабақтың түрі: Танымдық, сайыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Барысы: Ұйымдастыру.

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар –халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «XXI ғасыр көшбасшысы» атты білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Білімді Адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта батыл болады.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық жұрт алдына шығуларын.

Сайысқа қатысушылар ортаға келеді.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс, мәре жақын ба, әлде алыс па.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық. Сонымен оқушылар іске сәт! Жұлдыздарың жансын. Сайыс барысына тоқталсақ. Сайыс 7 бөлімнен тұрады.
1. Белестен өту.
2. Ғалымдар әлемі.
3. Полиглот.
4. Сандар сөйлейді.
5. Орнын тап.
6. Миға шабуыл.
7.Сөзмерген
1. Белестен өту.
1. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катетінің гипотинузаға қатынасы? (синус)
2. Қазақстанның ең биік нүктесі? (хан тәңірі)
3. Зарядтың неше түрі бар? Қандай? (2 оң және теріс)
1. Ең ұзақ өмір сүретін қай құс? ( қарға)
2. Қандай таңбалар геометриялық фигураларды кішірейтуден шыққан? ( )
3. Заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? (молекула, атом)
1. Жердің ішкі сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым? (география)
2. Паразитті құрттарды зерттейтін ғылым саласы? (гельминтология)
3. Атом ядросы қандай бөлшектерден құралады? (протон, нейтрон)
1. Тістің қаптамасын (тісті үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайды) (кіреуке)
2. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлім? (планиметрия)
3. Генетика терминін енгізген ғалым? (У. Бэтсон)
1. Ресейдегі сөнбеген жанар тау? (ключевск шоқысы)
2. Ең үлкен хорда? (диаметр)
3. Ультра дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?(жиілігі 20 000гц жоғары)
1. Қосарланып ұрықтануды алғаш ашқан ғалым? (С. Г. Навашин)
2. Жер күнді айналатын нешінші планета? (3)
3. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)

ІІ. Ғалымдар әлемі.
Тақтада ғалымдар суреті беріледі. Аты-жөнін табу.

ІІІ. Полиглот.
1. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің. (ауа, воздух, air)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында, ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)
3. Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)
1. Жерде жатып желіндейді, күз түскенше желінбейді. (қауын, дыня, melon)
2. Сабағы садақ оғындай, жер қабысқан тобырдай, жесең бірақ жұғымтал, көзден жасты шұбыртар. (жуа, лук, onion)

IY Орнын тап. Шатасқан әріптерді орналастыр.
Платформа Әлектр Жасуша Перпендикуляр
Ауа райы Ампер Бактерия Паралллель
Арал Толқын Зоология Диаметр

Y. Сандар сөйлейді.
Физика 1643 жылы-Ньтон дүниеге келген.
География 1492жылы - Америка ашылды.
Биология 1609 жылы - Г. Галилей алғашқы микроскопты жасады.

YI. Миға шабуыл. Тақтада тапсырмалар беріледі. Соның жауабын шешу.
1. математика.
2. физика.

YII. Сөзмерген мақал құрастыру, мақалдың мағынасын табу. Ет - етке, сорпа бетке.
Қорытынды.
Осыменен сайыстың шарттары аяқталды.
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да –дегендей сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білім менен аспанға жол салынар.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: XXI, көшбасшы, ғасыр
Просмотров: 204 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar