XXI ғасыр көшбасшысы «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?» - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

XXI ғасыр көшбасшысы «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»
24.09.2015, 09:34
Тәрбие шараның тақырыбы: XXI ғасыр көшбасшысы.
«Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»
Мақсаты: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығынан мәліметін кеңейте отырып, әдебиеттен алған білімін кеңейте отырып, әдебиеттен алған білімін, теорияны практикамен ұштастыра біледі.
Көрнекілігі: Соғатын құрал, Шәкәрім портреті, кітаптар, бағалау қағаздары, үнтаспа.
Жүрісі:
Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны хормен айтылады.

1 - бастаушы:
Кетермін, артымда сөз, әнім қалар,
Кейінгі жастар оқып ортаға алар.
Бірі жөн, бірі теріс айтыпты деп,
Таласып өздерінше сынға салар.

2 - бастаушы:
Табиғи заң өткенді жаңа сынау,
Жаманынан жиреніп, жақсыны ұнау.
Дәлелдеуге өлген келмес тілім,
Тірлігімді айтатын сөзім мынау.

1 - бастаушы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ұлы Абайдың ізбасары Шәкәрім атамызға арналған "Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?" атты тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.

2 - бастаушы:
Шәкәрім рухына арнап шелпек пісірген болатынбыз. Соған құран бағыштасақ

1 - бастаушы:
Ал, құрметті халайық!
Сәлемдесіп алайық,
Атамыздың мерейтойы
Болсын үлкен ғажайып.
"Шәкәрім" сырын ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Би. "Тойға шашу".

2 - бастаушы:
Міне, достар, шашу шашылып, күйіміз күмбірлеп тойдың сәнін толықтыруда. Той жарыссыз өтпейді, ендеше біз білім сайысына шақырамыз.

1 - бастаушы:
Біздің 21 ғасыр көшбасшысы ойын жарысымызға қош келдіңіздер. Ойынға қатынасушылар өз білімдерін жарыс барысында көрсетеді. Ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
Ойлылығын түсінеді көрген жан,
Атамыздай қайсар мінез Архат.

2 - бастаушы:
Ұстаз сөзін көкірегіне түйген қыз,
Айдана да жылдам, тапқыр алғыр қыз.

1 - бастаушы:
Жаңалыққа жаны құмар әр кезде,
Ақбөкендей батыл қыз бар бізде.
2 - бастаушы:
Әр сөзінде құпиялы бір сөз бар,
Дарқанда төгілетін бір жыр бар.

1 - бастаушы:
Әділқазылар - білімді сараптайтын, жүлдегерлерді анықтайтын, шындықты ұран қылатын төрешілер. Әділқазыларды көрермендерге таныстыра өтсек.

2 - бастаушы:
Ойын шартымен таныстырсақ
1 Бәйге
2. Жалғастыру
3. Тіл өнері
4. Білімпаз
5. Егер мен... болсам
6. Жорға
1 - бастаушы:

1 - кезең. "Бәйге"
1. Абай қай жылы дүниеге келген? (1845)
2."Абай жолы" романының авторы (М. Әуезов)
3. Абайдың немере інісі кім?
4. Шәкәрімнің туған жылы (1858 жыл 24 шілде)
5. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ыбырай Алтынсарин )
6. Абайдың қанша қарасөзі бар?
7. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша ( Жұрнақ )
8. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (9 сөзі бар )
9. Махамбет қай ғасырда өмір сүрген (XIX ғасыр)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: «Біз, XXI, бе?», ғасыр, Шәкәрімді, осы, көшбасшысы, білеміз
Просмотров: 133 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar