Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
24.09.2015, 10:54
Тәрбие сағаты «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»

Тәрбиелік шара түрі: пікірталас
Білімдік мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік: Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, тірек сызбалары.

«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу» (Мұхаммед пайғамбар)

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы)

«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»

Тәрбиелік шараның жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Пікірталас.
3. Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арасындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғам және жеке адамдардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық, адам өлтірушілік, және т. б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды. Бұған себеп, қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.

Жүргізуші: Енді бүгін де біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД, нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық, ұрлық, т. б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тәрбие мен сананың, жігердің жетпей тұрғаны. Осы үш қылмыс төңірегінде баспасөз материалдарында жарияланған деректер арқылы пікірімізді білдірейік.

Оқушы: СПИД - ке қарсы күрес күні деп 1 желтоқсан белгіленген. Бұл әлемдік проблема қоғам үшін қауіпті, оған қарсы дәрі - дәрмек бүгінде жоқ, дәрменсіз болуда. Бұл дерт тек 1983 - 1984 жылдары белгілі болып анықталған. Қазақстан бойынша бұл дертке шалдыққандардың саны 5500 - ге жетті, 500 адам көз жұмды. Бұған қарсы жақында барлық мектептерде 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында айлық өткізілді. Дәрігерлермен кездесу өткізілді. СПИД дертінің қатерлігі жайында қабырға газеттері шығарылды. Дүние жүзілік денсаулық қорынан бұған қарсы күресу үшін қаржы бөлініп отырады.
Оқушы: Біздің топтың тұжырымдамасы бойынша бұл дерттің етек алуына әлеуметтік жағдайдың және құқықтық сана мен жігердің төмен болуында дейміз. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында болған СПИД кесірінің салдарынан бірнеше нәрестелер көз жұмды, бұл оқиға кейбір мамандардың селқостығынан болып отырғандары белгілі. Адам баласы көбіне өз кінәсінен тап болады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Құқықтық, жігер, және, тәрбие
Просмотров: 263 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar