Қылмыс және жеткіншек - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қылмыс және жеткіншек
24.09.2015, 11:39
Жас жеткіншектердің арасында әр түрлі қылмыстық әрекеттерге бой ұрып қателесетін жастар көп кездеседі. Оларды мектеп қабырғасында жүргенде сан түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы жақсы мен жаманды айыра білуге үйрете білу керек. Осындай мақсатты жүзеге асыруға көмегі болар деген ниетте төмендегі Атырау қаласы №33 орта мектебінде өткізілген, өзімнің құрастырған «Қылмыс және жеткіншек» тақырыбындағы тәрбиелік шараның сценариін ұсынып отырмын. Өз мектебімізде 8 - ші сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Айдаралиева Қансұлу мектепте және қалалық семинарда осы шараны өткізіп нәтижелі баға алды. Бұл шара басқада әріптестерімізге қажетіне жарайды деп ойлаймын

Қылмыс және жеткіншек.
Тәрбиелік шараның мақсаты:
а) Оқушылардың Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздерінен білімдерін кеңейту;
б) оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білулеріне тәрбиелеу;
в) оқушыларды қоғамға кері әсерін тигізетін жат әрекеттерден сақтандыру;
г) адамгершілік, бауырмалдылық, имандылыққа тәрбиелеу;
Тәрбиелік шараның түрі: Сахналандырылған қойылым, диалогты тренинг
Көрнекілігі: көрнекі жазылған мақал - мәтелдер, көрініске қажетті құралдар, түйе, тауық макеттері, ұлттық киімдер, спорттық құралдар, т. Б

Тәрбиелік шараның жүрісі:
1) Ұйымдастыру
2) Кіріспе сөз
3) Шиеленісті сұрақтар
4) Сахналық қойылым
5) Оқушы пікірлері
6) Мақал - мәтелдер
7) «Не ойлайсың?» тренингі

Кіріспе сөз: (кіріспе сөзді оқушы немесе мұғалім дайындауына болады)
Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғандығы баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек. Құқықтық мемлекет құру жас жеткіншектерден басталады, өйткені болашақ қоғам солардың қолында. Жаңа ғасырда өмір сүріп отырған жастардың қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз. Білімді адам санатына қосылуы үшін қазіргі жас өспірімге негізгі пәндерді игеру және талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет деп жазды С. Назарбаева «Өмір әдебі» кітабында. Жалпы алғанда мәдениет ұғымын адамдар қауымы жасаған. Сондықтан оны дамудың белгілі бір деңгейін анықтап, сипаттайтын материалдық және рухани құндылық деп түсінеміз. Ал құқықтық мәдениет дегеніміз - өзінің құрамы, ерекшелігі бар қоғамдық мәдениеттің бір бөлігі. Құқықтық мәдениет ұғымының тар және кең мағыналары есепке алынады. Тар мағынасы: заңдылықтың, құқық шығармашылық және құқық қолдану органдарының жалпы жағдайын, құқықтық даму деңгейін бейнелейтін жеке азаматтар мен барлық халықтардың құқықтық санасының оның қоғам өміріндегі орны мен рөлі. Кең мағынасында: құқықтық мәдениетті заң мамандарын даярлау және құқықтық мәртебелілік, заң қызметінің мемлекеттік жүйедегі рөлі, құқық мәселелері бойынша ғылыми басқармалардың дамуы, адвокатура жағдайы. құқықтық мәдениеттің басты элементтері құқықтық сауаттылықпен азаматтардың заңды сыйлап, оны орындауы болып табылады. Құқықтық мәдениет адамгершілік сипаттармен байланысты. Академик Д. Лихачевтің айтуынша: «Қоғамда мәдениетсіз адамгершілік болмайды. Адамгершілік нышандарсыз әлеуметтік, экономикалық заңдар жүзеге аспайды, шешімдер орындалмайды, Қазіргі ғылым өмір сүрмейді. Қалыпты жағдайдағы адамның тәртібі, іс - әрекеті саналы түрде қабылданған шешімдері арқылы жүзеге асырылады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ҚЫЛМЫС, жеткіншек, және
Просмотров: 355 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar