Қылмыстық жауапкершілік - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қылмыстық жауапкершілік
24.09.2015, 14:31
Пәні: Құқық негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық жауапкершілік
Білімділік: Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік беру, нормативті актілермен таныстыру;
Дамытушылық: Құқықтық сауаттылығын дамыту, логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше шығармашылық ізденісін арттыру;
Тәрбиелілік: Қылмыстық іс - әрекеттен сақтандыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ҚР Қылмыстық кодексі, плакаттар, бейнеролик.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, іздендіру, түсіндіру.
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Студенттер 2 топқа бөлінеді: «Прокурорлар», «Сот төрағалары»
Жоспар:
Қылмыс туралы түсінік және оның белгілері.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі.
Қылмыс үшін жазалау.
Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар.
Қылмыс - неден пайда болады, қылмыстың алдын алу жолдары?
Қылмыстың қоғамда жасалу себептері:
 Кедейшілік
 Жұмыссыздық
 Мәдениеттің төмендігі
 Адамгершіліктен азғындау
 Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі
 Маскүнемдіктің етек алуы
 Нашақорлық
 Құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т. б. факторларды атауға болады.
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай 14 ке толған, бірақ 18 ге толмаған адамдар танылады.(78 бап)
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері - 79 бап
 Айыппұл:
 Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
 Қоғамдық жұмыстарға тарту;
 Түзеу жұмыстары;
 Бас бостандығын шектеу
 Бас бостандығынан айыру

Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады
Азамат 14 жастан бастап қылмыстың – кісі өлтіру (96бап)
Денсаулығына зиян келтіру - 103 бап
Әйел зорлау - 120 бап
Тонау - 175бап
Ұрлық - 178бап
Бұзақылықтың ауыр түрін жасау 179бап
Мемлекеттік немесе жеке меншіктік жою - 187бап
Қаруды, әскери оқ – дәріні ұстау - 255бап
Адам ұрлау - 125 бап
Терроризм - 233 бап
Аманаттыққа тұтқындау - 234 бап

Уландырғыш заттарды ұрлау - 260бап т. б түрлері үшін жауапқа тартылады
Жаза түрлері:
 Айып салу
 Құқықтан айыру
 Қоғамдық жұмысқа тарту
 Еңбекпен түзету жұмысы
 Бас бостандығын шектеу
 Тұтқындау
 Әскери тәртіп бөлімінде ұстау
 Бас бостандығынан айыру
 Сотталушының мүлкін тәркілеу

ҚР Қылмыстық Кодексінде қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар:
 Кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса
 Адам қылмысқа отбасы ауырлығы жағдайында, басқа салған тауқымет салдарынан барса
 Қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен – қорқытуынан, материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса
 Қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса

ҚР Қылмыстық кодексінде қажетіне қарай қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайларда қарастырылған:
 Қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса
 Қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса
 Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса
 Қылмысқа балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса
 Қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса
 Қылмыс кәсіби АНТ - ын бұза отырып жасалса
 Қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатта пайдалана отырып жасаса

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1. Жалғасын тап(құқыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу керек)
2. Білгенге маржан(терминдермен жұмыс)
3. Көрініс
4. Біліміңді көрсет
5. Аттестация
6. Кім жылдам?(капитандар сайысы)

1 - кезең. Жалғасын тап.
Бір қазаға екі................. жоқ.(жаза)
Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі......................... табар.(куә)
Би екеу болса.................... төртеу.(дау)
Әр елдің.................. басқа, иттері қара қасқа.(заңы)
Елшіге............. жоқ.(өлім)
Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң..................... болар.(айғақ, айғақ)
Ата - анаңның қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін................. болғанда білерсің.(жалалы)
............ істің – арты игі.(әділ)
Жолға шықсаң сайлан, бес............. байлан. (қару)
У ішкен бір өледі,........................ ішкен мың өледі.(ант)

2 - кезең. Білгенге маржан (Терминдермен жұмыс).
Конституция – ең жоғарғы заңды күші бар акті.
Диспозиция – қылмыстың атауы, белгіленген мінез - құлық ережелеріне байланысты талап.
Санкция – құқықтың талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын шара.
Гипотеза – норманы іске асыру үшін қойылатын талап.
Материалдық кепілдік – экономикалық кеңістіктің біртұтастығы, тауарлардың, қызмет және қаржы құралдарының орын ауыстыруына, экономикалық қызметке бостандық беру, жеке, мемлекеттік меншіктің түрін қорғау және мойындау.
Үкімет – атқарушы органдар жүйесін басқаратын, олардың қызметіне басшылық ететін, атқарушы биліктің жоғары органы.
Вето – мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы.
Демократия – халық билігі, халықты биліктің қайнар көзі деп тануға негізделген, қоғамдағы саяси ұйым нысаны.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жауапкершілік, Қылмыстық
Просмотров: 272 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar