Ынтымақ достық кепілі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ынтымақ достық кепілі
24.09.2015, 13:04
Ынтымақ достық кепілі.
Мақсаты:1. халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
2. оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
3. мақал-мәтелдер, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;
Көрнекілігі:достық тақырыбына арналған нақыл сөздер, қабырға газеттері, шарлар, слайд.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, оқушы достар, мұғалімдер! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ынтымақ достық кепілі» деп аталады.

Ағайын туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық.

Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың Қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Міне, біз бүгін оқушылардың білім алу және халықтар достығы бағытында жүргізгелі отырған тәрбие сағатында балалардың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқау.Мақал-мәтел арқылы халық даналығын бойларына сіңіру. Сөздерді орынды қолдануға өз ойын дәл анық жеткізе білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін, және ой өрістерін дамыту. Отанын елін сүюге халқын басқа да ұлт халықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсат етілді.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстыру;

Ақыл тон аңдағанда тозбайтұғын,
Білім кен қанша болса азбайтұғын,
Қатарың оза шауып бара жатса.
Арқаның ауруы не қозбайтүғын. – деп Тұрмаған Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.
1-топ
2-топ
3-топ

Енді сайыс барысына тоқталсақ.

1.Таныстыру «Сәлем сөздің анасы»
2. Миллион кімге бұйырады. Сұрақ-жауап
3. «Тіл өнері»
4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
5. «Ізденген жетер мұратқа»
6. Үй жұмысы «Тапқыр болсаң тауып шеш»
7. «Сәлем сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы»

Сәлемдесу игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап кейде шешер
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
1. Таныстыру
2. «Миллион кімге бұйырады ?»
1-топ
1.Бірлігі жоқ ел тозады (бірлігі күшті ел озады)
2. Салтанатты ән ( әнұран)
3. Әдепті бала арлы бала (әдепсіз бала сорлы бала)
4. 1 мамыр мерекесін белгілеуге АҚШ –та қай жылы, қалада болған?
5. Астанамыз 10 жасқа қашан толды.

2 – топ
Досы көппен сыйлас (досы азбен сырлас)
2. Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков.)
3. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін қашаннан бастап атап өтілді?(Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бастап)
4. Желтоқсан көтерілісі өткен қала. (Алматы)
10. 1 мамыр мерекесін Кеңес үкіметі 1-ші рет қай жылы мейрамдады?(1918 ж)

3 – топ
1.Ынтымақ оқ өтпес сауыт( татулық тамаша сауыт)
2. Ресейде бірінші рет қай жылы, қай қалаларда бірінші мамырға арналған көтерілістер ұйымдастырылды.(1891, 1892, Петербург, Тула, Лодз)
3.Қазақстанның алғашқы астанасы?( Орынбор)
4. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? (1992ж 4 маусым)
5.Ата Заңы қабылданған күн?( 1995 ж 30 тамыз)

III. «Тіл өнері»
Бұл бөлімде мақал-мәтелдің түсіп қалға сөздерін тауып, 3 тілдегі баламасын айтады.
Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына осы 3 тілді білу сондай қажет.
1 – топ
1.Білім теңіз(мектеп) кеме (школа, мектеп, school)
2.(Қыз) қылығымен көркем.( қыз, девочка, girl)
3. Өнер ады қызыл (тіл) (тіл, язык, language)
2 – топ
1.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.( нан, хлеб, bread)
2. Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді( сөз, слово, words)
3. ( Ана) көңілі балада.( ана, мать, mother)

3 –топ
1. Көңілдегі сырды (көз) білдіреді. (көз, глаза, eyes)
2. Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек. (біз, мы, we)
3, Атадан (ұл) туса игі, ата жолын қуса игі. (ұл, мальчик, boy)

IY. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Күлдіргі жұмбақтар.
1 топ
1.Егер түнгі сағат 12 де жаңбыр жауса, онан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түседі ме? (бұл түн мезгілі)
2. 1 т мақта ауырма, әлде 1 т темір ауыр ма? (тең)
3. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзінен көрі басқалар көбірек айтады. (сенің есімің)

2 топ.
1. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (аспан суреті судан көрінген кезде)
2.Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)

3 топ
1.Жұмыртқа 12 мин піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі? (12 мин)
2. Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар? (6 бала)
3. Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағ 20 минутта ұшады. Ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? (тең)

Y. «Ізденген жетер мұратқа» қойылған сұраққа мақалдап жауап беру.
1 топ
1.Қарғыстың ең жаманы бола ма? (өзің білме білгеннің тілін алма )
2. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
3. Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)

2 топ
1. Кімнен кім жаман? (олақтан салақ жаман)
2.Үлкен көз және үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен )
3.Адамның қорқақ және батыр мүшесі бола ма? (көз қорқақ, қол батыр)

3 топ
1.Білекті және білімді не жығар? (білекті бірді, білімді мыңды жығар )
2.Ынтымақ бірлігін ата? (Ынтымақ достықтың бірлігі )
3.Ырыс алды бола ма? (ырыс алды ынтымақ)

YI. «Үй жұмысы «Тапқыр болсаң тауып шеш
Ребус шешу: 1-топ ; Жауабы. Тәуелсіз елім-тірегім, Қазақстан ұлы –елім.
2-топ. Бірлік түбі тірлік.
3-топ. Қашқаридің ұлағатты сөзін оқи аласыздар:
Дос адам сарайыңды жұмақ етер.

YII. «Сәлем сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» қай халық болмасын, қай ел болмасын бір-бірімен жылы мейірман, кең пейілділікті, достастықты өзара жақындықтарын білдіріп, амандық саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі сәлемдесуінде. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт бір-бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Олай болса әр елдердің бір-бірімен қалай сәлемдескеніне куә болайық.
Қай елдің амандасуы екенін табу.
1-топ Ағылшындардың бас киімін шешіп амандасуы.
Тайландтардың амандасуы.
2-топ Европалықтардың қолдан сүйіп амандасуы.
Жапондықтардың сәлем беруі.
3-топ Үнді қыздарының амандасуы.
Поляк жігітінің ізетті сәлемі.
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да-дегендей сөз әділ- қазылар алқасына беріледі. Марапаттау.
Ел бірлігі ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмір.

Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білім менен аспанға жол салынар.
Білімділікпен ізгілікті бойымызға дарыта берейік. Осыменен «Ынтымақ достық кепілі» атты сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Достық, кепілі, Ынтымақ
Просмотров: 352 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar