Ынтымақты отбасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ынтымақты отбасы
24.09.2015, 11:43
Ынтымақты отбасы
(отбасылар сайысы)

1 - жүргізуші:
Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Отбасы бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжымы мектептің одақтасы. Тәлім - тәрбиедегі жарасымдылық, бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімділік табады. Осы айтылған сөздердің бір дәлелі, бүгінгі өткізіліп отырған отбасы сайысы.
2 - жүргізуші:
Сайыстың мақсаты: ата – ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру, баланы ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеуде ата – ана мен мұғалімнің бірлескен жұмысын нығайту.
1 - жүргізуші:
Сәлем, ана алтын күн!
Сәлем, қарты халқымның!
Бақытты болсын балалар,
Ашық болсын күніңіз,
Жайнай берсін жүзіңіз, - дей келіп, бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысымызға қош келіпсіздер.

2 - жүргізуші:
Бала деген бал екен,
Бал дегеніміз бала екен.
Балалардың бойында,
Бір тәттілік бар екен.
Туған балаң – жанға сән,
Демесең де жат бөтен.
Нағыз балаң ойласаң,
Немере деген тәтті екен.
Сұра жезде, ападан,
Қарсы шығар аз екен.
Нағыз әке – ата да,
Нағыз ана – әже екен, - дегендей, біздің бүгінгі тәрбие сағатымызды ұл – қыздарына ұлттық төл тәрбиесін бойына сепкен тамаша ұл – қыз тәрбиелеп отырған ата – аналар мен ата салтын үлгі еткен ата – әжелеріміз де қатысып отыр. Ендеше отбасыларымызды ортаға шақырайық. (Отбасылар ортаға шығады)

1 - жүргізуші:
Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1. «Мен және менің отбасым» Таныстыру.
2. «Дәстүрлі халық өнері»(Ән, би, цирк, өзіндік жанр)
3. «Баланы жастан» Сұрақ - жауап
4. Көрініс.(салт - дәстүр бойынша)
5. Сән үлгісі ұлттық киімдер
6. «Сәндік қолтаңбалы шығармашылық» отбасы мүшесі дайындаған сәндік қолтаңбалы шығармашылық бұйымдары немесе «Ежелгі отбасылық қолөнер» ұсынылады.

2 - жүргізуші:
Сайысымыздың төрелігін беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (Қазылар алқасы таныстырылады)
1 - жүргізуші:
Жақсы тәлім көрмеген,
Әдепсіз деп саналар.
Жеті атасын білмеген,
Жетесіз деп танылар, - дей келе сайысымыздың «Мен және менің отбасым» деп аталатын алғашқы бөлімінде әр отбасы өзінің ата - тегін таныстырады.
1 - жүргізуші:
Екінші бөліміміз «Дәстүрлі халық өнері»(Ән, би, цирк, өзіндік жанр) яғни отбасылардың өз өнерлері.

2 - жүргізуші:
Бала – ата – ананың мерейі,
Бар жақсысын баласына тілейді.
Адамдық қасиетті үйретіп тек,
Баланы ол мейірімге бөлейді, - деп ақын жырлағандай, келесі бөліміміз «Баланы жастан» деп аталады. Бұл бөлімде әр отбасы конверттегі сұрақтарға жауап береді. Барлық отбасыны ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Қалатын болсын бір ізің,
Мирас болып артыңа.
Еш аянбай күн ұзын,
Қызмет ет, халқыңа.
Болады - ау әсте талай сын,
Ата – баба даңқына,
Ал, ата – ана қалайсың?!
Ұлттық дәстүр, салтыңа, - дегендей келесі бөліміміз тақырыбы салт - дәстүрден көрініс көрсету..

2 - жүргізуші:
Бесінші бөліміміз сән үлгісі. Яғни отбасылар ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсетеді.
1 - жүргізуші:
Соңғы шартымыз «Сәндік қолтаңбалы шығармашылық»деп аталады. Отбасы мүшесі дайындаған сәндік қолтаңбалы шығармашылық бұйымдары немесе «Ежелгі отбасылық қолөнер» ұсынылады.

2 - жүргізуші:
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні өз ұрпағы дегім келеді.
1 - жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар осымен «Ынтымақты отбасы» сайысымыз аяқталды. Алған жүлделеріңіз құтты болсын. Жеңістен - жеңіске жете беріңіздер. Қош сау болыңыздар
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ынтымақты, отбасы
Просмотров: 199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar