Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс)
24.09.2015, 15:02
Отбасылық сайыс «Ынтымақты отбасы»
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоу

Барысы:
Жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Ынтымақты отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Мүсреповтер отбасы ортамызда.

Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Сұлтанбековтер отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Әбуовтер отбасы таласады.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. Таныстыру
2. Өнер сайысы
3. Мақал - мәтел сайысы
4. Көңілді аспаздар (аналар сайысы)
5. Сурет салу (әкелер сайысы)
6. Балалар сайысы

Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.

І кезең
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді

ІІ кезең
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.
Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді

ІІІ кезең
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)
5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)
8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)

ІУ кезең
Ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін
Кірпігімнің әр қағысын санаған
Көз аудармай күндіз түні қараған
Айналамда жүргендердің бірінен
Бар ма анамдай тірлігіме жараған дей келе келесі кезекті аналар сайысына береміз. Сайыс «Көңілді аспаздар» деп аталады.
Аналарымыз ас мәзірін дайын қыламын дегенше мектебіміздің әнші қызы әртүрлі сайыстардың жеңімпазы мен лауреты 8 - сынып оқушысы Сексенбаева Арунаның әсем әнін қабыл алыңыздар.

У кезең
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
өмірдің соқпағымен өрге тартып
алдымен адам бол деп жетелеген

Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған дей келе келесі кезекті әкелер сайысына береміз. Сайыстың шарты бойынша сайысқа қатысушы әкелеріміз белгілі бір уақытта кез - келген тақырыпқа сурет салып беруі қажет.
Ән Аруна

УІ кезең
Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты дей келе сайысымыздың келесі кезегін балаларға береміз
1. Дарц ату
2. Есептер шығару
Ән
Қорытынды
Әділ - қазыларға сөз беру
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (отбасылық, Ынтымақты, сайыс), отбасы
Просмотров: 232 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar