Қызға қырық үйден тыйым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қызға қырық үйден тыйым
24.09.2015, 12:23
Арнайы пәндер оқытушысы
Толбай Мөлдір Төлеубайқызы

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қызға қырық үйден тыйым
Тобы: 1 тех.
Тәрбиелік мақсаты: Бұрынғы салт - дәстүрді жаңғырта отырып, қазіргі таңдағы қыздарға қазақ халқының тәрбие маңызын, ақыл кеңесін түсіндіру.
Көрнекілігі: Плакат, суреттер, қанатты сөздер.
Түрі: Пікір сайыс

Жоспар: I. Тыйым туралы жалпы ұғым.
II. Тыйым сөздерді жеке алып қарау.
III. Ой бөлісу кезеңі.
IV. Ойын кезеңі.
V. Пікір сайысы.
VI. Қорытынды.

Тәрбие сағаттың барысы:
I - жүргізуші: Армысыздар құрметті студент қауым. Бүгінгі біздің өткізгелі отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Қызға қырық үйден тыйым".

II - жүргізуші: Қайырлы күн! Иә ата - бабамыз айтқандай "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" демекші қазақ халқында қыз өте нәзік құрметті, қасиетті ұғым болған.

I - жүргізуші: Ал енді, тыйым сөздерге жеке тоқталсақ, тыйым сөздер дегеніміз ол жасауға болмайтын яғни тәрбиеге, мәдениеттілікке жатпайтын істерді жасауға арналған дәйек сөздер. Мысалы, "Малды теппе, ақты төкпе".

II - жүргізуші: Ал қыз бала нәзік, құрметті, қасиетті жан болғандықтан оларға ерекше көп тыйым айтылады. Мысалы: "Үлкендердің алдын кесіп өтпе", "Тізеңді құшақтама", "Жағыңды таянба", "Есікті керме". Бұның бәрі тәрбиелік мәні бар сөздер.

I - жүргізуші: Ал енді әр тыйым сөзге жеке тоқталсақ: қазақ халқы өте ырымшыл халық, сол себепті де көп тыю сөздер осы ырымдарға тікелей байланыстырып айтылған. Ендеше соның мағынасын бірігіп ашайық. Ол үшін 2 топқа бөлініп, берілген тыйым сөздердің мағынасын ашып, әрбір дұрыс жауап үшін 5 балл көлемінде ұпай алады.

II - жүргізуші: Ендеше бастайық.
1. Бүйіріңді таянба
2. Үлкеннің алдын кеспе
3. Табалдырықта тұрма
4. Өзің су ішкен құдыққа түкірме
5. Жағыңды таянба

I - жүргізуші:
1. Қайта кірер есігіңді қатты жаппа
2. Қайын жұртыңның атын айтпа
3. Келін болсаң, орамалды басыңнан тастама
4. Табалдырықта отырма
5. Тізеңді құшақтама
6. Екі елі аузыңа төрт елі қақпақ

II - жүргізуші: Әр топ тыйым сөз айтудан жарысады. Бірақ бір - бірінің сөзін қайталамайды. Және айтқан әр бір тыйымның толық мағынасын ашуы керек. Бұл кезеңде әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.

I - жүргізуші: Әр топ 3 қысқа көрініс көрсетеді. Келесі топ сол көрініс көрсеткен топтың қандай тыйым сөзге байланысты көрініс көрсеткенін табуы керек. Әрбір дұрыс жауап 5 балл.

II - жүргізуші: Топ басшылары бір біріне сұрақ қояды. Әрине тек қазақ халқының тыйым сөзіне байланысты немесе қызға, аруларға байланысты болу керек. Әрбір дұрыс жауап 2 баллмен бағаланады. Ал келесі топ сол сұраққа жауап беріп, ой пікірін білдіреді.
Енді ситуациялық сұрақтарға жауап беріп көрейік. Ол әрине қызға, қыз қылығына, тәрбиеге, мәдениетке байланысты болады.
1. Егер сіз өзіңізден үлкен адамның алдынан байқамай кесе көлденең өтіп кетсеңіз не істер едіңіз?
2. Сіз болашақ ұстаз ретінде мектепке практикаға барғанда сізге оқушыңыз сіз білмейтін тыйым сөздің мағынасын сұраса не істер едіңіз?
3. Қыз бала деген жалпы қандай болуы керек? Қалай ойлайсыз?
4. Өзіңіздің бойыңызда қазақ қызына тән қасиеттер бар ма? Қандай?

I - жүргізуші: Осымен біздің тәрбие сағатымызда соңына жетті. Екі топта белсенді қатысты.
II - жүргізуші: Жеңімпазға арналған сыйлықтарымызды табыстайық. Ойын болған соң әрине жеңісте, жеңілісте болады. Сондықтан бәріңізге алғыс білдіреміз.
I - жүргізуші: Ал бәріміз бірге "Қыз сыны" әнін орындап жіберейік.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қызға, ҚЫРЫҚ, үйден, тыйым
Просмотров: 699 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar