Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
24.09.2015, 14:07
Ашық тәрбие сағаты. /Сайыс/
Сайыс тақырыбы: Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз - елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы: 1 - жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2 - жүргізуші. Бүгінгі „Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2 - жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1 - жүргізуші. Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
2 - жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1 - жүргізуші. Гүлмарал қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.

Аяжан қыз білімді
Меңгерген бар ілімді

Маржан қыз елгезек
Алады тез тіліңді.

Ақша бетті Еркежан
Ұқсайды хор қызына

Жанеркедей қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.

2 - жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

1 - жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 7 турдан тұрады.
1. Таныстыру
2. Сұрақтар (салт - дәстүрге байланысты және мақал - мәтелдер)
3. Салат жасау
4. Шаш үлгісі
5. Ептілік
6. Өз өнері
7. Сән үлгісі

2 - жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1 - жүргізуші. Бірінші сайыс - өзін - өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін – ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.

2 - жүргізуші. Екінші сайыс - қыз сұлу көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1 - жүргізуші. Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Сұрақтарға жауап)
2 - жүргізуші.
Сыңарын тап
Ата – аналарға:
1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл - қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
1 - жүргізуші.
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

1. "Шілдехана" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!
2. " Сыбаға" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!
3. "Тұсаукесер" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!
4. "Бәсіре" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!
5. "Қонақасы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!
Ата – аналармен өткізіледі.
1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата - аналарға не айтар едіңіз?
5. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс - аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
1 - жүргізуші.
Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый - құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше, үшінші сайысымыз - ас мәзірін дайындау.

2 - жүргізуші. Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін? - деп келесі төртінші сайысымыз Шаш үлгісі.

1 - жүргізуші. Келесі бесінші сайысымыз Ептілік.

2 - жүргізуші. Алтыншы сайыс - өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

1 - жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі жетінші сайысымыз - Сән үлгісі сайысы..
2 - жүргізуші. Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
1 - жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп - тұрғанын - бәрін де есептеген жөн.)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана, Ұшқыр ойлы, көрермен көзайымы, өнерлі отбасы, ынтымағы жарасқан) жүлде тағайындайды.

2 - жүргізуші. Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1 - жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт – береке, бірлік әкелсін. «Қыз - ұлттың жаны» демекші, ата - аналардың аяулысы, құрбы – құрдастарыңның қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өмірдің сәні бола беріңіздер!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ана!, Қыз, Қызғалдақ, Наурыз
Просмотров: 186 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar