Қыз еркем, өнерімен көркем - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қыз еркем, өнерімен көркем
24.09.2015, 11:21
Қыз еркем, өнерімен көркем
Мақсаты: аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар және қыздарға құрмет көрсету, қазақ қыздарына тән адамгершілік пен қайрымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау; сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, сабырлы болуға, парасаттылық пен білімдарлыққа баулу; халқымыздың салт - дәстүрін, өнегелі нақыл сөздері асыл қазына екенін оқушы санасына жеткізу.
Көрнекілігі: үнтаспа, суреттер, өнегелі сөздер.
Үнтаспадан тыңдалады:
Ана, Ана, Ана... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңді ашып көретінің – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да – Ана. Тек жақсылық тілейтін де – Ана. Ана – біз үшін пана, дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Халық арасында « Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.

Орасақ та жәннат ішік, құндызға,
Баласақ та айға, күнге, жұлдызға,
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл - қызға.

1 - жүргізуші:үргізуші:
Сәлеметсіз бе қасиетті аналарым,
Бойға жиған ұлтымыздың салттарын.
Өздеріңдей ұлағатты болуға
Өсиетіңді жүрегімде сақтармын
2 - жүргізуші:үргізуші:
Жүрегі – күн, жаны - нұр, жүзі – шапақ.
Ана – мақтан, ана - өмір, ана атақ.
Ана - дәуір, ана – абырой, ана – жауһар,
Олармен күн кешудің өзі ғажап!
2 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, аналар, ұстаздар және әсем қыздар бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, жанұяңыз бақытқа толсын.
Ән шашу: Анаға

1 - жүргізуші:үргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
2 - жүргізуші:үргізуші:
Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
1 - жүргізуші:үргізуші:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
2 - жүргізуші:үргізуші:
Ана десем - шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

1 - жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым! Бүгін біз аналарымыз бен қыздарымызды мерекелерімен құттықтап, әсем қыздарымыздың дайындаған «Қыз еркем, қылығымен көркем»атты сайысын бастаймыз.

Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса сынға алар.

Ендеше, әділ қазылар алқасымен таныс болайық
2 - жүргізуші: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
1. Өзін таныстыру
2. Салт - дәстүрді білесің бе?
3. Өнерлі өрге жүзер
4. Мен анамның көмекшісімін
5. Көрермен көзайымы
1 - жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен аруларды қарсы алайық.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: КӨРКЕМ, Қыз, өнерімен, еркем
Просмотров: 243 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar